Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Шу жастары – турнир жеңімпазы

Шу жастары – турнир жеңімпазы
ашық дереккөз
Шу жастары – турнир жеңімпазы
Екі айға созылған кіші футболдан турнир өте тартысты өтті. Оған облысымыздың барлық аудандарынан жастар саясаты төңірегінде қызмет етіп жүрген мамандардан құралған командалар қатысты. Іріктеу ойындары 12 команда арасында жеребе тастау арқылы 3 топқа бөлініп өткізілді. Ширек финалға жолдама алған 8 команда өзара бақ сынасты. Нәтижесінде финалда Шу ауданының командасына Тараз қаласының құрамасы қарсы ойнады. Турнир қорытындысы бойынша, Байзақ ауданының құрамасы – ІІІ орын, Тараз қаласының футболистері – ІІ орынды қанжығаласа, Шу ауданының аяқдопшылары турнир жеңімпазы атанды. Сондай-ақ ойынның «Үздік капитаны» номинациясымен – Б.Балғабай, «Үздік қақпашы» номинациясымен Р.Ануарбеков марапатталды. «Үздік ойыншы» атағын Қ.Ақбаев иелесенсе, «Үздік қорғаушы» медалін Е.Құрманбек қанжығалады. – Ойын өте тартысты болды. Қарсылас командаларға үлкен алғыс айтамыз. Ешкім оңай қарсылас болған жоқ. Байзақтың ойыншылары, Тараз қаласының құрама командасы, жалпы қай-қайсысы болсын бәрі жақсы дайындықпен келген. Осылай жастарды қолдап жатқаны үшін, қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасына алғысым шексіз. Турнир жақсы деңгейде өтті, – дейді Шу аудандық жастар ресурстық орталығы ақпараттық бөлімінің жетекшісі Ерзат Қилыбай. Марапаттау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев қатысып, жеңімпаздарға кубок және дипломдар табыстады. Сондай-ақ турнир жүлдегерлері ақшалай сыйлықтарға да ие болды.

Бейбарыс ШАЛАБАЕВ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ІІІ курс студенті

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар