Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

РУХАНИ БАҒДАРЛАМА ҚАБЫЛДАНУЫ КЕРЕК

РУХАНИ БАҒДАРЛАМА ҚАБЫЛДАНУЫ КЕРЕК
ашық дереккөз
РУХАНИ БАҒДАРЛАМА ҚАБЫЛДАНУЫ КЕРЕК
Қазіргі таңда жастардың дінге деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Бүгінгі күні кез келген діни ғимараттағы жамағаттың көп бөлігін жастар құрайтыны баршамызға мәлім. Бұл қоғамдағы дінді ұстанушы тұрғындардың басым бөлігін жастар құрайтындығын көрсетеді. Жастардың санасына бүгінгі күннің іргелі өзгерістерін жеткізу үшін қоғамдық және діни бірлестіктерге діннің әлеуметтік ортадағы орны мен мәніне қатысты жаңа мақсаттар мен міндеттер қойылып отыр. Мемлекетімізде жастарға арналған «Ауыл жастары», «Дипломмен – ауылға!», «Жастар – Отанға», «Жастар тәжірибесі» секілді түрлі бағдарламалардың қолға алынып жатқаны белгілі. Осындай бағдарламалардың қатарында діни-рухани, тәлім-тәрбиелік мәні бар кешенді бағдарламаны қолға алу да кезек күттірмейтін мәселелердің біріне айналуы қажет. Еліміздің қоғамдық өмірін қамтыған рухани жаңғыру мен жаңару процесі ғаламдану жағдайында діни ахуалдың бағыты тәуелсіздік талаптарына сай жаңа ғылыми ізденістердің нақты нәтижелерге бағдарлану міндеттерін алға тартады. Кеңестік идеологияның тоқырауы нәтижесінде қалыптасқан діни-рухани саладағы бос кеңістіктің орнын толтыру мақсатында шетелдерден түрлі діни топтар елімізге келіп, өз діни-идеологиялық ұстанымдарын еш кедергісіз уағыздай бастады. Соның салдарынан конфессиялық айырмашылықтар негізінде ел бірлігіне сызат түсіретін оғаш жағдайлар белең алды. Осылардың ішінде еліміздің дәстүрлі діни түсінігіне жат, кері ислами ағымдардың қызметтері де мейлінше белсенділікке ие бола бастады. Нәтижесінде Қазақстан аймағында әртүрлі діни ерекшеліктерге негізделген бөлінушілік пен қоғамға ықпал ету ауқымы да өсе түсті. Ал соңғы жылдары қоғамымызды дүр сілкіндірген террорлық актілер мен кешегі Сирияға аттанған жастар қоғам тыныштығы мен тұрақтылығына қатер төндіруде. Қазіргі таңда елімізде халықтың, әсіресе жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттыру маңыздылығы көпшіліктің аузында жүр. Қоғамның діни өмірінің тенденцияларын, діни ахуалды ескере отырып, оны жастарға жеткізіп отыру қажет. Кез келген мемлекеттің жарқын болашағы мен кемелденуі осы жастардың болмысы мен санасына, мәдени дамуына, білім мен тәжірибе деңгейіне байланысты болады. Сондықтан жастардың заманға сай діни білім деңгейлерін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды сақтау – бүгінгі күннің басты мәселесі. Мухтор САИДОВ, дінтанушы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар