Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жазғы ойын алаңындағы алаңсыз шақ

Жазғы ойын алаңындағы алаңсыз шақ
ашық дереккөз
Жазғы ойын алаңындағы алаңсыз шақ
«Оқитын ұлт» республикалық жобасын іске асыру, оқырмандардың кітап оқу белсенділіктерін жоғарылату мақсатында Жамбыл аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Балалар. Кітап. Жаз» жазғы ойын алаңы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жас оқырмандардың жазғы уақытын тиімді пайдалану, кітапханаға бетбұрыс жасау, балаларды спортқа баулу, ой-таным қабілеттерін арттыру. Жарыс түрінде өткізілген іс-шарада балалар екі топқа бөлінді. Көңілді кеш «Әріпке сай жауап бер» ойынымен басталды. Бірінші топ мүшелері шапшаңдық танытып, әріп таңдап, сол әріптен келетін сөздермен сабақтасқан сұрақтарға жауап берді. Екінші ойын «Қол күрес» деп аталды. Ортаға әр команданың мүшелері шығып қол күрестіріп, батылдықтарын көрсетті. «Әріппен сөз құрау» сайысында екі топқа әріптер орналасқан тақтайшалар беріліп, сол арқылы сөз құрады. «Сурет арқылы ертегіні тап» бөлімінде қатысушылар жасырылған ертегі кейіпкерлерін тапты. Сонымен қатар ұлттық «Арқан тартыс» ойынында да балалар асқан белсенділік танытты. Жиында кітапханашы Ақерке Мамашариева жаңадан келіп түскен кітаптарға библиографиялық шолу жасап, таныстырды. Іс-шараны қорытындылаған аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Шолпан Төлепбергенова қатысушыларға алғысын білдіріп, кітапхананың тұрақты оқырманы болуға шақырды. Кеш соңында балаларға балмұздақтар таратылды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар