Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қуанса, бала қуансын

Қуанса, бала қуансын
ашық дереккөз
Қуанса, бала қуансын
Әр ата-ананың байлығы, өмірінің мәні мен сәні, көз қуанышы – бала. Сондықтан оларды шаттыққа бөлеу әрбір жанның міндеті. Осындай ұстанымды ту еткен Қордай ауданындағы Өтеген батыр ауылының жастары «Өтеген батыр қазынасы» қорының қаржыландыруымен ауыл балақайларына ойын алаңшасын тарту етті. Жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндер әткеншекте тербеліп, сырғанақтан түсіп, асыр сала ойнап жүр. Ойын алаңына орналастырылған жаңа жабдықтардың барлығы сапалы, заманауи үлгіде жасалған, жасанды газон төселген, әрі қауіпсіздік талаптары ескеріліпті. – Біздің ауылда бала көп. Бұл жаңа орын олардың көңілді демалысы үшін өте қолайлы болды. Кішкентай ұл-қыздарымызға қамқорлық танытып отырған «Өтеген батыр қазынасы» қорына, ауыл жастарына алғыс айтамыз. Ойын алаңшасы бүлдіршіндерге ұзақ уақыт қызмет етеді деп үміттенеміз, –дейді балаларын ертіп келген ата-аналар.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар