Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тараздық екі студент ел намысын қорғамақ

Тараздық екі студент ел намысын қорғамақ
ашық дереккөз
Тараздық екі студент ел намысын қорғамақ
Жуырда Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Чэнду қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік жазғы Универсиада ойындары басталды. ХХХІ жазғы ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы да бағын сынайтын болады. Жазғы Универсиада 28 шілде күні басталды. Ол 8 тамызға дейін жалғасады. Жарыста 90 отандасымыз спорттың 10 спорт түрінен сынға түсіп жатыр. Жамбыл облысынан Дулати университетінің 2 студенті ел намысын қорғайтын болады. Қазақстан құрамасында дүбірлі додаларда бақ сынап жүрген таэквондошы, Дулати университетінің «Денешынықтыру және спорт» мамандығының студенті Александр Тэн жеке бағдарлама бойынша сынға түседі. Алғашқы әскери даярлық курсының 2-курс студенті Абдурашит Абдуллаев еліміздің намысын ушу спорты бойынша қорғайтын болады. Айта кету керек, қазір Қазақстан спортшылары 13 медаль алып отыр. Оның ішінде 1 алтын, 5 күміс, 7 қола жүлде бар. Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде оныншы орында тұр. Көшті Қытай құрамасы бастап келеді. Олар 50 (30-10-10) медаль иеленді. Одан кейінгі орындарға 39 (15-12-12) медальмен Оңтүстік Корея мен Жапония спортшылары жайғасты. Күншығыс елінде 32 (14-8-10) медаль бар.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар