Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Оқулықтардың 80 пайызы цифрлық форматқа көшірілді

Оқулықтардың 80 пайызы цифрлық форматқа көшірілді
ашық дереккөз
Оқулықтардың 80 пайызы цифрлық форматқа көшірілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында оқулықтарды цифрлық форматқа көшіріп, балаларды ауыр сөмкелерден арылту мәселесі де көтерілген еді. Жуырда ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі оқулықтардың 80 пайызы цифрлық форматқа көшірілгенін мәлімдеді. Бүгінде цифрлық нұсқадағы оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілген. Цифрлық оқулықтарды әзірлеуге еліміздің 11 баспасы тартылды. Пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу мақсатында педагогтар үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленген. «Қазіргі күні еліміздегі бастауыш сынып оқулықтарының 94 пайызы, 5-9-сынып оқулықтарының 81 пайызы, 10-11-сынып оқулықтарының 61 пайызы электронды нұсқаға көшірілді. Келесі жылы пәндерді цифрлық оқулықтармен 100 пайыз қамту жоспарланған», дейді Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев. Электрондық оқулықтармен қатар, мектептерде қосымша оқу материалы ретінде мультимедиалық контенті бар цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылып келеді. Қазіргі күні 50 мыңнан аса цифрлық білім беру ресурсы жасалған. 2023 жылдың басынан цифрлық білім беру ресурстарына 6,7 мың мектеп қосылды. Бұл ресурстарды бүгінде күн сайын 3 миллионға дейін оқушы мен мұғалім қолданып келеді. Цифрлық білім ресурстарында барлық сыныптарды қамтитын 50 мыңнан аса видеосабақ жарияланған.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар