Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстан 100 пайыз электрондық кедендік декларациялауға көшті

Қазақстан 100 пайыз электрондық кедендік декларациялауға көшті
ашық дереккөз
Қазақстан 100 пайыз электрондық кедендік декларациялауға көшті
Электронды декларация – уақыт пен қаржыны үнемдеу жолы. Биылдан бастап Қазақстан 100 пайыз электрондық кедендік декларациялауға көшті. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев айтты. «Салық және кеден салаларында цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Цифрландыру қолжетімді онлайн сервистер есебінен бизнес қызметін жеңілдетіп, экономикалық құлдыраудың салдарын азайтуға мүмкіндік бергенін атап өткім келеді. Бұған дейін бизнес тарапынан кеденнің атына процестің ашық болмауына және қағаз түрінде декларациялау кезіндегі қиындықтарға қатысты көптеген мәселе болғаны жасырын емес. Осыған байланысты электронды декларациялау форматына көшу жүзеге асырылды. Сонымен қатар сауда рәсімдерін оңайлату мақсатында бұрын «АСТАНА-1» кедендік және салықтық әкімшілендірудің ақпараттық автоматтандырылған жүйесі енгізіліп, бұл 100 пайыз электрондық кедендік декларациялауға көшу бойынша халықаралық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етті», деді Е.Саудабаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Оның атап өтуінше, былтырғы қыркүйекте үшінші елдерге жүріп өтетін транзиттік тауарларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операциялардың хронометражы жүргізіліп, ұлттық теміржол тасымалдаушысы мен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл схемасы әзірленді. Бұл өзара іс-қимыл схемасы тауарлардың келгені туралы хабарламаны, алдын ала ақпараттандыру негізінде транзитті декларациялауды, транзиттік декларацияларды автоматты тіркеуді және шығаруды көздейді. Бір контейнерлік пойызды рәсімдеу уақыты 3 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды. «Қазір Қазақстан – Қытай шекарасындағы «Алтынкөл» және «Достық» өткізу бекеттерінде мемлекеттік кірістер органдары мен ұлттық теміржол тасымалдаушысының ақпараттық жүйелерінің интеграциясына тестілеу жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар кедендік рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған», деді Елдос Саудабаев. «AR-AI»-ақпарат
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар