Қару-жарақ «қоймасы» табылды
Шу ауданында қараусыз қалған ғимараттың бірінің жертөлесінен көп көлемде оқ-дәрі мен біраз қару жасырылған орын табылды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізді.
Нәтижесінде 9 қару мен оқ-дәрілер, атап айтқанда, төрт 16-калибрлі ИЖ-ЗК бір оқпанды аңшы мылтығы, 16-калибрлі ИЖ-17 бір оқпанды шолақ мылтық, калибрі 9 миллиметрлік екі Байкал 79-9ТМ травматикалық тапанша, 5,45 миллиметр калибрлі патрондардың 270-і табылды. Сондай-ақ Қаңтар оқиғасы кезінде полиция департаментінің қоймасынан ұрланған 9 миллиметр калибрлі ПМ тапаншасы табылып, тәркіленді.
Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев қаруға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалғанын атап өтті. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«AR-AI»-ақпарат
Келесі мақала
Заңды бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы шетелден тауарға тапсырыс беруге болады
- авторAR-AY
- 13 желтоқсан, 2024