Заңды бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
Облыстық полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының 460-шақырымындағы аумақты патрульдеу кезінде сағатына 144 шақырым жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан «Chevrolet Cobalt» автокөлігін тоқтатпақ болып, жүргізушінің соңына түскен.
Автопатруль экипажының инспекторлары жүргізушіден көлікті тоқтатуды талап еткен, алайда ол тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, Алматы қаласы бағытында үлкен жылдамдықпен көлігін басқаруды жалғастырған. Облыстық полиция департаменті патрульдік полиция батальонының взвод командирі Серғазы Әбдіқұловтың сөзінше, заңға бағынбаған азамат Түркістан облысының 31 жастағы тұрғыны екен. Оқиға орнында оның көлік құралын басқару құқығынсыз көлік жүргізгені анықталды.
– Тәртіп бұзушы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 592-бабының 3-бөлігі (Көлік құралының белгіленген қозғалыс жылдамдығының сағатына қырық және одан да көп шақырым мөлшеріне артуы), ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 613-бабының 1-бөлігі (Ішкі істер органдары қызметкерінің талаптарын орындамау), ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 2-бөлігі (Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 276 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, – деді С.Әбдіқұлов.
Автокөлік бірден айыптұраққа қойылды.
Келесі мақала
НЕСИЕ ТАРИХЫН ЖАҚСАРТУҒА БОЛА МА?
Ұқсас жаңалықтар
Заң
Қазақстанның екі үлкен қаласында бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды.
- авторAR-AY
- 20 қараша, 2024