Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!
ашық дереккөз
ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Өткен жылғымен салыстырғанда биыл «Интернет алаяқтарының қылмыстық іс бойынша тіркелуі 37 пайызға азайған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңының «Интернет алаяқтық пен алаяқтардың құрбанына айналмаудың алдын алу» атты баспасөз жиынында криминалдық полиция басқармасының басшысының орынбасары полиция полковнигі Мақсат Юсупов айтты. – Ұрлықтан кейінгі көп жасалатын қылмыстың түрлері ол интернет алаяқтық. Ол интернет желісімен қатар өзге де әлеуметтік желілер мен сайттарды пайдалана отырып жасалатын қылмыс. Соңғы уақыттарда бұл жылдан-жылға өршіп келеді. Өйткені қазір адамдардың өміріне қолайлылық жасап беру үшін түрлі сауда-саттық, тіпті екінші деңгейлі банктердің қызметі де көбінде онлайн жүйеге асуға көшті. Ол адамдардың тұрмысын жеңілдетуге мүмкіндіктер туғызды. Бірақ осыны теріс пиғылда пайдаланатын алаяқтық әрекеттер де көбеюде. Олардың белсене жұмыс істеген кезі пандемияның тұсында болды. Әсіресе сол 2020-2021 жылы олардың қатары артты. Осыған байланысты 2021 жылғы халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та алаяқтармен белсене күресу бойынша құзырлы органдарға тапсырма берген болатын. Бізде оларға қарсы қаншама жұмыс атқарып жатқанымызға қарамастан олардың қатары мүлдем жойылмай тұр. Жалпы, өткен жылмен қоса биыл жыл басынан бері интернет алаяқтықпен кәсіби түрде айналысқан 70-тен аса адам ұсталған. Оның ішінде 20-дан астам адам облыстардың өзге аймақтарынан. Интернет әлемі қашанда шексіз. Сондықтан интернет алаяқтығы ол біздің елдің ғана аумағынан ғана емес, шет мемлекеттерден де жасалып отырады. Сол себепті олардың жолын кесу үшін де біз Бас прокуротурамен және Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып жұмыс істеп келеміз, – деді облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мақсат Мүсрепбекұлы. Негізінен ауыр санаттағы интернет-алаяқтықтарды ашу бойынша біздің облыс республика көлеміндегі алдыңғы орында. Жыл басынан бері интернет-алаяқтықпен айналысқан 10 адам ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылса, олардың төртеуі басқа облыстардың тұрғындары екен. Жалпы, ауыр дәрежедегі интернет-алаяқтықтардың қылмысы полиция қызметкерлерінің жылдам әрекет етуінің арқасында 100 пайызға ашылған. Сонымен қатар халықты жалған ақпараттарға, алаяқтардың іс-әрекетіне түсіп қалмауын қадағалау, оларды ақпаратпен қамтамасыз ету негізінде ІІМ-нің ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын құқықбұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған бағдарламасын облыс аумағында іске асыру жоспары бекітілген. Осыған сәйкес, жергілікті органдағы полиция қызметкерлері де жатпай-тұрмай жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар полиция қызметкерлері арнайы «дөңгелек үстелдер» де өткізіп тұрады. Осыған орай қазіргі таңда «Абайлаңыз, алаяқ» атты жергілікті локалды акцияларды жүргізуге, профилактикалық мәтіндегі материалдарды дайындау, жариялау және тарату жұмыстарына ұйымдастырушылық көмек көрсетілуіне қаржы бөлу мәселелері де қарастырылып жатыр екен.

Шапағат ӘБДІР

 
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар