Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ТАКСИ ЖОЛАУШЫСЫ 14 КЕЛІ ЕСІРТКІМЕН ҰСТАЛДЫ

ТАКСИ ЖОЛАУШЫСЫ  14 КЕЛІ ЕСІРТКІМЕН ҰСТАЛДЫ
ашық дереккөз
ТАКСИ ЖОЛАУШЫСЫ 14 КЕЛІ ЕСІРТКІМЕН ҰСТАЛДЫ
«Қарасора-2023» жедел алдын алу іс шарасы шеңберінде облыстық полиция департаменті Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, ҚР Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл департаменті және «Бүркіт» ҚР ҰГ арнайы бөлініс қызметкерлері аса ірі көлемде есірткіні таксимен тасымалдауға тырысқан жолаушыны ұстау бойынша бірлескен іс-шара өткізді. Жедел ақпаратты іске асыру барысында «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолының 85-шақырымында «Нива» автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде көліктің артқы орындығынан Шу қаласының 50 жастағы тұрғыны – жолаушыға тиесілі есірткіге ұқсас жасыл түсті заты бар полиэтилен пакет табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 14 келі 60 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты болып шықты. – Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады, – дейді облыстық полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев. «AR-AI»-ақпарат
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар