Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Талас ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірқатар кездесулер өтті

Талас ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірқатар кездесулер өтті
ашық дереккөз
Талас ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірқатар кездесулер өтті
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Д.Омаровтың қатысуымен «Мемлекеттік сатып алу – сыбайластықтың көрінісі емес» тақырыбында семинар өтті. Аудан әкімі Н.Жүнісбеков әкімдікке қарасты бөлім, мекеме басшылары, ауыл әкімдері сондай-ақ, жауапты қызметкерлері үшін ұйымдастырылған басқосуда «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының өзектілігі туралы айтып, ұйымдастырылған шараның мақсатына тоқталды. Семинар барысында Департаменттің бас маманы А.Ажибаев сыбайлас жемқорлық әрекеттер үшін қарастырылатын әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер туралы айтып, заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер аясында баяндама жасады. Сонымен қатар, «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының өзекті мәселелері бойынша аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Е.Нұрадинов баяндама жасады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Асемов өз кезегінде сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті екенін тілге тиек етіп, мемлекеттік қызметшілерді заңсыз әрекеттерге бармауға шақырды. Одан бөлек, республика аумағында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша жемқорлық тәуекелдері жоғары деп көрсетілген бірқатар сала мамандарымен, атап айтар болсақ, Талас аудандық орталық ауруханасының қызметкерлерімен, аудандық білім беру мекемелерінің басшылық құрамымен, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарымен кездесулер өткізіліп, қоғам дерті болып табылатын жемқорлыққа тосқауыл қоюдың маңыздылығы туралы айтылды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар