Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Ақындар адалдықты жырлайды» тақырыбында облыстық жас ақындар айтысы өтті

«Ақындар адалдықты жырлайды» тақырыбында облыстық жас ақындар айтысы өтті
ашық дереккөз
«Ақындар адалдықты жырлайды» тақырыбында облыстық жас ақындар айтысы өтті
Жамбыл ауданының 95 жылдығы мен Қазақстанның Мемлекеттік туының авторы, суретші Шәкен Ниязбековтың 85 жылдығына орай Жамбыл ауданы, Шәкен Ниязбеков ауылында «Ақындар адалдықты жырлайды» атты облыстық жас ақындар айтысы өтті. Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Ербол Бақтыхожаев, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Зұлыпхар, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Мадияр Сәмбетов қатысып, жыр додасының ашылу салтанатында сөз алып, іс-шараның маңыздылығына тоқталып, жас ақындарға сәттілік тіледі. Іс-шара мақсаты қазақтың байырғы заманынан келе жатқан айтыс өнеріне қанат қаққан жас ақындардың шеберлігін шыңдау, бүгінгі уақыт талабына сай, рухани бай, адал, әділ, парасатты, өздігінен шешім қабылдай алатын, білімімен қаруланған жеке тұлғаға тәрбиелеу. Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткен жыр аламанының нәтижесі бойынша үздік деп танылған айтыскерлер арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар