Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ӨЗБЕКСТАН АЗАМАТЫНЫҢ ЖӘБІР КӨРГЕНІ ЖАЛҒАН БОЛЫП ШЫҚТЫ

ӨЗБЕКСТАН АЗАМАТЫНЫҢ ЖӘБІР КӨРГЕНІ ЖАЛҒАН БОЛЫП ШЫҚТЫ
ашық дереккөз
ӨЗБЕКСТАН АЗАМАТЫНЫҢ ЖӘБІР КӨРГЕНІ ЖАЛҒАН БОЛЫП ШЫҚТЫ
Жуырда желіде Өзбекстан Республикасының азаматының қатысуымен бейнежазба тараған болатын. Жамбыл облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған азамат анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Анықталғандай, ол 2023 жылдың шілде айында Байзақ ауданындағы кірпіш зауытына жұмысқа орналасқан. Тексеру барысында бетінде, денесінде ешбір жарақат белгілері табылған жоқ. Ер адамның айтуынша, ағымдағы жылдың наурыз айында ішімдік ішу кезінде абайсызда жарақат алған және бейнежазбаны Өзбекстанда тұратын досына «WhatsApp» мессенджері арқылы жіберген. Азаматқа қатысты ұрып-соғу және еңбекке мәжбүрлеу дерегі анықталған жоқ. Бейнежазбаны мас күйде жібергендіктен ол бұл әрекетінің себебін түсіндіре алмады. Қазіргі уақытта жұмыс берушісіне немесе басқа адамдарға ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, арыз жазудан бас тартты.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар