Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АПТАП ЫСТЫҚТАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ?

АПТАП ЫСТЫҚТАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ?
ашық дереккөз
АПТАП ЫСТЫҚТАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ?
Шілде – ең ыстық ай. Сондықтан күн сәулесінен қорғану керек. Қатты ыстық егде жастағы адамдардың, емшектегі балалардың, ашық ауада жұмыс істейтін және созылмалы аурулары бар адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Ыстықтың денсаулыққа тигізетін кері әсерін қарапайым ұсынымдар арқылы болдырмауға болады. Күннің ең ыстық уақытында сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін аса қажет болмаса далаға шықпауға және үлкен физикалық күш салуды қажет ететін істермен айналыспауға тырысыңыз. Егер сіз көшеге шығып үлгерген болсаңыз, көлеңкеде көбірек болу үшін маршрутты ойластырыңыз. Ешқандай жағдайда, тіпті балалар мен жануарларды жабық көліктерде аз уақытқа да қалдырмаңыз. Анда-санда салқындауға тырысыңыз. Күніне 2-3 сағатыңызды салқын жерде (мысалы, кондиционері бар қоғамдық ғимараттар) өткізіңіз. Қатты ыстықтаудан және сусызданудан аулақ болыңыз. Табиғи маталардан, жақсырақ ашық түстерден дайындалған жеңіл және кең киім киіңіз. Жеңіл шляпалар, күннен қорғайтын көзілдірік киіп, өзіңізбен бірге су бөтелкесін алып жүріңіз. Организмді сусызданудан қорғау үшін үнемі су немесе жылы шай, бірақ суық емес жеміс шырындарын ішу керек. Теріге күнге күюге қарсы заттарды жағыңыз, косметиканы көп қолданбаңыз. Ыстық ауа райында рационнан майлы, қуырылған және тәтті тағамдарды алып тастауға тырысыңыз. Мәзірде жеңіл тағамдар – көкөністер, жемістер, қайнатылған немесе бұқтырылған балық, тауық еті, салқын сорпалар мен окрошка болғаны жөн. Алкогольді тұтыну ұсынылмайды. Құрамында кофеині бар сусындар, сонымен қатар ағзадағы метаболикалық процестерді бәсеңдететін сусындар мен газдалған сусындар шөлді қандырмайды. Егер әдеттен тыс белгілер пайда болса және симптомдар сақталса, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз. Егер сіз адамның құрғақ, ыстық терісі, психикалық қозу белгілері, құрысулар бар екенін байқасаңыз, сондай-ақ есінен танып қалса, дереу дәрігерге хабарласыңыз немесе «жедел жәрдем» шақырыңыз.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар