Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ТЫНДЫРЫЛҒАН ТІРЛІК КӨП

ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ТЫНДЫРЫЛҒАН ТІРЛІК КӨП
ашық дереккөз
ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ТЫНДЫРЫЛҒАН ТІРЛІК КӨП
Бұрнағы жылдармен салыстырғанда биыл облысымызға келіп жатқан туристер санында оң динамика байқалады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте облыс әкімдігі туризм басқармасының басшысы Біржан Күзембеков айтты. Біржан Мықтыбекұлының айтуынша, облыста жалпы туристік саланы дамытуға бағытталған бірқатар іс-шара жүзеге асырылып, көптеген жетістіктерге қол жеткізілген. Өткен жылы облысқа 135 712 турист келсе, 2 872-сі шетелдік екен. Ал 2023 жылдың есепті кезеңінде өңірімізге 31 144 турист келіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116 пайызға артқан. Облысымызға келген қонақтарға 498 миллион теңгеге қызмет көрсетіліпті. 2022 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласына салынған инвестиция көлемі 15 миллиард 012 миллион теңгені құрап, жылдық жоспарлы көрсеткіш 146,5 пайызға орындалған. Қазіргі таңда облыс аумағында 214 туристерді орналастыру орны, 434 тамақтану орны, 15 туристік ұйым, 11 балаларды сауықтыру лагері, 7 шипажай, 15 демалыс орны, 200-ден аса қолөнершілер мен 25 көлік субъектісі жұмыс атқарады. Сондай-ақ туристік нысандар саны 65-ті құрап, 45 туристік маршрут әзірленген. Басқарма басшысы туризм саласын дамыту бағытында атқарылған бірқатар жұмысты тілге тиек етіп, кәсіби мамандар даярлау ісіне тоқталды. 2023 жылдың мамыр айында салаға білікті мамандар даярлауға жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, гидтер мен экскурсоводтар курстары ұйымдастырылып, 30 маман халықаралық дәрежедегі сертификат алған. Биыл облыс аумағында қазіргі заман талабына сай, туристердің барлық сұраныстарын қанағаттандыратын 2 туристік демалыс аймағы («Koksai resort» және «Алмалы» туристік демалыс орталықтары) ашылған. Сонымен қатар Тараз қаласында құны 1,2 миллиард теңгені құрайтын «Зербұлақ» демалыс орталығы ашылды. – Облыстың туризм саласы бойынша 2023-2025 жылдары жалпы сомасы 7 миллиард 355 миллион теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Атап өтер болсақ, «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінің үшінші кезеңі, «Koksai resort» туристік демалыс аймағы, «Aksai resort» этно-туристік демалыс орталығы, «Ақ жол» этно-туристік кешені, «Таскөл» демалыс орталығы, «Алмалы resort» туристік демалыс орталығы бойынша жұмыстар атқарылады. Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде 106 уақытша және 65 тұрақты, барлығы 171 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде, – деді басқарма басшысы. Сонымен бірге Б.Мықтыбекұлы жазғы туристік маусымның ашылуына орай облыста туристерге қызмет көрсететін нысандардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде және сапалы қызмет көрсетуге дайын екенін атап өтті. Айжан ӨЗБЕКОВА  
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар