Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«DARMEN»-нің ЖӘРДЕМІ КӨП

«DARMEN»-нің ЖӘРДЕМІ КӨП
ашық дереккөз
«DARMEN»-нің ЖӘРДЕМІ КӨП
Халықты қорғау – азаматтық қорғау қызметтерінің басты міндеті. Тұрғындарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау бойынша негізгі іс-шаралардың бірі – қандай да бір қауіп-қатердің туындауы немесе қаупі туралы уақытында құлақтандыру және ақпараттандыру. Халықты құлақтандыру дегеніміз – төніп тұрған қауіп-қатер және орын алған жағдай туралы уақытылы ескерту, сонымен қатар мұндай жағдайларда әрекет ету тәртібі туралы ақпараттандыру. Бұрын облыс аумағында қауіп-қатер туралы ақпаратты немесе сигналды жеткізу өңір аймағын қамтитын телеарна және радио хабарларды тарату, сиреналар және мобильдік операторлар арқылы хабарлама тарату көмегімен жүргізілген. Енді облысымызда төтенше жағдай туралы халықты жылдам құлақтандыру үшін 15 мамырдан бастап SMS құлақтандырумен қатар тегін мобильді «Darmen» қосымшасы іске қосылды. Жобаны қазақстандық «I2NIK» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әзірлеген. «Darmen»-ді дайындау үшін Жапония мен АҚШ елдерінің халықты мобильдік қосымша арқылы құлақтандыру тәжірибесі зерделенген. Сонымен қатар қосымша бірнеше секунд ішінде халықты облыс аумағындағы төтенше жағдай қаупі мен туындауы (соның ішінде дауылдық ескертулер) туралы жаппай ақпараттандыруға мүмкіндік береді. Қосымша тәжірибелік пайдаланудан өтті және хабарламаларды жедел жеткізуде бұрыннан қолданылып жатқан SMS құлақтандырумен салыстырғанда аса тиімді екенін көрсетті. Мобильдік қосымшаны Android және IOS операциялық жүйелері негізіндегі смартфондары мен планшеттері бар барлық тұрғындар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүктей алады. Нәтижесінде жаңа жүйе облыс тұрғындарын қандай да бір апаттың жағымсыз салдарынан немесе әртүрлі факторлардың әсерінен болған қиратушы күштің әсерінен максималды қорғайды. Азаматтарды қорғаудың мұндай схемасы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар