Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тұрғындар құқығы қорғалып жатыр

Тұрғындар құқығы қорғалып жатыр
ашық дереккөз
Тұрғындар құқығы қорғалып жатыр
2023 жылдың 6 айында Талас ауданының прокуратурасы облыс прокуратурасы бекіткен 7 өзекті бағыт бойынша жүйелі жұмыс атқарды. Атап айтқанда, ірі кәсіпорындар мен шалғай ауылдарға уәкілетті органдардың өкілдерімен бірге шыға отырып, халықтың көкейкесті мәселелерін анықтап, оларды шешуге бағытталған кездесулер ұйымдастырды. Қабылданған шаралар нәтижесінде «Қаратау ПРО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысшыларының банктік есептік шотына бір жылдан астам уақыт жеке сот орындаушысы салған тыйым жедел алынып тасталды. Бұдан бөлек, Талас аудандық электр жүйесінің күзет қызметкеріне 2 ай бойы берілмей келген 150 мың теңге есеп айырысу қаражаты мен жалақысы төленді. Жалпы аудандық прокуратураның уәкілетті органдармен бірлесіп атқарған іс-шаралары нәтижесінде қылмысқа саятын жағдай жақсарды. Нақты айтқанда, қылмыс 33,7 пайызға (96-дан 63-ға) және қылмыстық теріс қылықтар 48,3 пайызға (29-дан 15-ке) төмендеді. Енгізілген 51 қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша 113 адам тәртіптік және 22 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 725 000 теңге айыппұл өндірілді. 9 761 тұрғынның ішінде 133 кәсіпкердің құқы қорғалып, 16,1 миллион теңгеге өтелген залалдың 9,1 миллион теңгесі мемлекеттік бюджетке өндірілді. Мемлекетке 3,360 миллион теңгеге татитын мүлік қайтарылды. Білім саласында 83 оқушы 3,1 миллион теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етіліп, қауіпсіздікті сақтау үшін Қаратау қаласындағы 5 718 оқушысы бар мектептерде бейнебақылау жүйесі орнатылды. Аудандық білім бөлімінің ұжымдық еңбек шартына өзгеріс енгізіліп, білім саласында 3 624 жұмысшының құқығы қорғалды. Ұзақ уақыт бойы пайдаланбаған кадастрлық құны 3,360 миллион теңге болатын 5 жер телімі мен заңсыз жекешелендірілген 7,6 миллион теңгелік коммуналдық мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды. Талас ауданының прокуратурасы жанынан құрылған мобильдік топтың жұмыс істеуі барысында енгізілген наразылық бойынша сот арқылы 13 кәсіпкерге қатысты «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің 284-бабының 3-бөлігімен толтырылған хаттамалар заңсыз деп танылды. Қаратау қаласында жүк көліктерінің жүруіне заңсыз шектеу қойылған жол белгілері қадағалау актісі бойынша алынып, нәтижесінде 133 кәсіпкердің құқы қорғалды. Атқарушылық іс жүргізу саласында 9,3 миллион теңге өндіріліп, алимент төлеуден жалтарып жүрген Д.С деген борышкер заңға сай қылмыстық жауаптылыққа тартылып, ол 1 миллион теңге алимент төледі. 7 өзекті бағытта және жергілікті деңгейде бекітілген жүйелі құқықбұзушылықтарды шешу бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі облыс прокурорының төрағалығымен өткізілген мәжілісте талқыланып, алдағы жартыжылдықта орындауға жататын тапсырмалар жүктелді.

Жомарт НАУАТОВ, аудан прокуроры, Талас ауданы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

«DARMEN»-нің ЖӘРДЕМІ КӨП
Алдыңғы мақала
«DARMEN»-нің ЖӘРДЕМІ КӨП

Ұқсас жаңалықтар