Меккедегі қуаныш
Мекке қаласында алғашқы медициналық көмек көрсету орталығы ашылды. Оның ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.
Миссия құрамымен Мекке қаласына барған жоғары дәрежелі медицина мамандары Бас мүфтиге орталық жұмысын, сонымен қатар қазақстандық қажылар үшін арнайы елден жеткізілген отандық дәрі-дәрмектердің тізімін таныстырды.
– Қажылардың денсаулығын қадағалау, оларға дер кезінде дәрігерлік көмек көрсету – қажылық миссиясының негізгі жұмыс бағыттарының бірі. Сондықтан бұл саладағы жұмыстарды тиянақты түрде жауапкершілікпен орындауымыз керек. Осы ретте қажылар арасында түсіндіру іс-шараларын жүргізу аса маңызды. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жолды іздеуге көмектесуіміз керек, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
«AR-AI»-ақпарат
Келесі мақала