Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Алғада атқарылған іс аз емес

Алғада атқарылған іс аз емес
ашық дереккөз
Алғада атқарылған іс аз емес
Өңірлік комуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Шу ауданы, Алға ауылдық округінің әкімі Бағдат Есбергенов есептік баяндамасын жасады. Алға ауылдық округінің құрамына Алға, Сауытбек, Жайсан ауылдары, Шайымқұл мен Қаракөл бөлімшесі кіреді. Округтегі халық саны – 3173 адам, ал аула саны – 635. Ауыл бюджеті осы жылы 228 миллион теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге өсіп отыр. Яғни, 90 миллион теңгеден 228 миллион теңгеге артты. Сондай-ақ округ әкімі тұрғын үй коммуналық шаруашылығына байланысты өзекті мәселелерге де тоқталып өтті. Оның айтуынша, Алға ауылында «Ауыз су-Шу» кәсіпорны қызмет көрсететін орталық ауыз суға 355 үйдің 340-ы қосылған. Яғни 99,5 пайызын құрап отыр. Ал Сауытбек ауылының орталықтандырылған ауызсу жүйесінің толық жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс нысаны былтырғы жылдан биылға өтпелі. Мердігер «Жаңарту» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің келісімшарт құны 169,6 мың теңге. Былтыр жоспарланған жұмыстар толығымен аяқталып, бөлінген қаражат игерілген. Осы жылғы тамыз айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Бағдат Сабырұлы Алға, Сауытбек, Жайсан ауылдары толық газдандырылғанын атап өтті. Орталықтандырылған газ жүйесіне 74 пайыз тұрғындар қосылған. Бұл көрсеткіш күннен-күнге артып келеді. Әкім жол жөндеу жұмыстарында тілге тиек етті. – Алға ауылының негізгі көшелерінің 90 пайызы 2020 жылдан бері «Ауыл – ел бесігі» мен «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында асфальтталған. Жайсан ауылының көшелеріне өткен жылы 90 пайызға асфальттау жұмыстары жүргізілді. Сауытбек ауылына биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 100 пайыз асфальттау жұмыстары жүргізіліп жатыр, – дейді баяндамашы. Электрмен қамту мәселелері бойынша Сауытбек ауылында ескірген ағаш бағаналар, темірбетонды бағанаға ауыстырылып, әуедегі желілер жаңартылды. Жер кезегі бойынша 2014 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Алға ауылдық округінен өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер теліміне өтініш жазып, кезекке тұрған азаматтар саны 585 адамды құрап отыр. Бұл мәселені шешу үшін 2020 жылы Алға ауылының оңтүстік аумағынан 25 гектар жер телімі бөлініп, инфрақұрылым жүйелері салынды. – Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жалғызбасты ана Оразкүл Саурықоваға асарлатып төрт бөлмелі заманауи үлгідегі үй салынып берілді, осындай іске атсалысқан барлық демеушілерге алғысымыз шексіз, – дейді Б.Есбергенов. Спорт нысандары бойынша Сауытбек ауылына 2020 жылы арнайы жабындысы бар кіші футбол алаңы мен стрит воркаут пайдалануға берілген. Жайсан ауылында осы жылы кіші футбол алаңшасы мен стрит воркаут нысандарын салу жұмыстары жүргізіліп отыр. Округтің ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласы бойынша тоқталар болсақ. Округ аумағында 92 шаруа қожалығы тіркеліп, барлығы егін және мал шаруашылығымен айналысады. Ауылдағы үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану үшін, демеушілер көмегімен Күйген каналынан ауылға дейін 9 шақырым канал қазылып, ауыл түгелдей ағын сумен қамтамасыз етілді. Округ бойынша мал дәрігерлер уақытылы емдеу-профилактикалық жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде, ауылда ешқандай жұқпалы аурулар және карантиндік шектеулер тіркелген жоқ.

Нұржан Әліш

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар