Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қауыннан да қауіп көп

Қауыннан да қауіп көп
ашық дереккөз
Қауыннан да қауіп көп
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Салтанат Әлібаева «Нитраттар және олардың адам ағзасына әсері» атты баспасөз мәслихатын өткізді. Ол өзінің баяндамасында жаз мезгілінде жеміс-жидектерді, көкеністерді жегенде абай болмаса оның қаупі адамды улап, соңы өлімге алып келетіні турасында сөз етті. – Азық-түлік құрамындағы нитраттардың жоғарылауы адам денсаулығына қауіп төндіреді. Ересек адам үшін рұқсат етілген доза тәулігіне 325 миллиграмды құрайды, нитраттардың бұл мөлшері адам ағзасына оңай сіңіп, ақуызға айналады. Рұқсат етілген дозаның жоғарылауы нитраттардың нитритке дейін ішінара қалпына келуіне әкеледі. Бұл қанға түсіп, қанның ауруын тудыруы мүмкін. Нитраттар көбінде қыста сақталған көкөністерде кездесе бермейді. Мұндайда көкөністерді қалайы ыдыста сақтауға болмайтынын білу өте маңызды, өйткені қалайының әсерінен нитраттар нитриттерге дейін қалпына келеді, бұл денсаулыққа қауіпті. Сонымен қатар қазіргі көкөністер мен жидектер жылыжай жағдайында, егістіктерде «пленка астында», жемістердің тез өсуіне және пісуіне ықпал ететін минералды тыңайтқыштарды, пестицидтер мен микроэлементтерді қолдана отырып өсірілетін болғандықтан, оларды шамадан тыс қолданған кезде ауыл шаруашылығы өнімдерінде нитраттар, улы химикаттар мен микроэлементтер жиналады. Содан кейін оны тұтынған адам уланады. Ал денеге енгеннен кейін нитраттар қанмен оттегінің қозғалысын және тіндердің тыныс алу процестерін бұзады, – дейді облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Салтанат Қордабайқызы. Ал уланудан сақтану үшін базардан алып келген жеміс-жидектерді жуып тазалап, олардың бұзылған, босаған жерлерін жемеуге назар аударған жөн. Сондай-ақ қарбыз бен қауынды қабығына дейін «тістеуге» болмайтынын басты назарда ұстаған жөн. Мұндайда тек жемістердің қабығынан ғана емес, оларды бірін-біріне қосып жеуден де сақтанған жөн. Өйткені өрік, қауыннан кейін су, сүт ішуге болмайды. Өйткені өрік, қара өрік, тәтті шие, қауынның өзі іш жүргізетін қасиетке ие. Сондықтан оларды мұқият жеу керек. Ал қауынды аш қарынға жеуге болмайды. Оны тек ғана тамақтан кейін жеуге болатынын да естен шығармаған дұрыс. Сонымен қатар жемістердің қалған бөлігін тоңазытқышта сақтаған дұрыс. Әрі қалай ыдысқа салып сақтамау керектігін де назардан шығармағаныңыз жөн.

Шапағат ӘБДІР

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар