Бүгіннен бастап Telegram-ды қазақ тілінде қолдануға болады
Қазақ тілі Telegram тілдерінің тізіміне ресми түрде енгізілді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгін Telegram әлеуметтік желісінің тілдік параметрлеріне мемлекеттік тіл ресми түрде енгізілді.
Қазақ тілін iOS және Android жүйелерінде, сондай-ақ қосымшаның веб-нұсқасында қолдануға болады.
Тілді өзгерту үшін параметрлерге өтіп, «тілді» таңдап, Kazakh тілі батырмасын басу керек.
Келесі мақала