Әлеумет
Еңбек мобильдігі мен оның Мансап орталықтары жұмысын бастады
- author AR-AY
- 30 маусым, 2023
- 198
Еңбек мобильдігі мен оның Мансап орталықтары жұмысын бастады
ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап еліміздің облыс орталықтары мен мегаполистерінде 20 еңбек мобильділігі орталығы құрылды, ал жұмыс істеп тұрған халықты жұмыспен қамту орталықтары мансап орталықтары болып қайта құрылуда.
Осыған байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің 05.06.2023ж. №110 қаулысы негізінде «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды (ары қарай - Орталық). Осы аталған қаулымен Орталықтың Жарғысы бекітіліп, ол Әділет департаментінде тіркеуден өтті.
Орталық директоры болып Алибеков Серік Айдарұлы тағайындалды.
Еңбек мобильділігі орталығының негізгі жаңа функциялары мыналар:
- жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының теңгерімін қамтамасыз ету;
- өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыруды үйлестіру;
- жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру;
- өңірде іске асырылатын барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жүргізу;
- жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті көші-қонына жәрдемдесу және азаматтарды көшіру бағдарламаларын өңірлік деңгейде үйлестіру;
- жұмыс іздеуші ретінде жүгінген және жұмыссыз адамдарды тіркеу және оларды жұмыспен қамту шараларын қабылдау;
- халықты, жергілікті атқарушы органдарды және уәкілетті мемлекеттік органды өңірлік еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету.
Орталық осы функцияларды іске асыру үшін қала және аудан аумағында жұмыс істейтін еңбек нарығының барлық институттарын белсенді түрде тартатын болады. Ол үшін оларға азаматтардың нысаналы топтарын жұмысқа орналастырумен байланысты жекелеген функцияларды аутсорсингке беру құқығы беріледі.
Өз кезегінде, қала мен аудандардағы халықты жұмыспен қамту орталықтары таратылып, олардың орындарына Еңбек мобильділігі орталығының филиалдары ретінде қалалық және аудандық мансап орталықтары құрылды. Жаңа орталықтың негізгі міндеті ұлттық еңбек нарығының көрсеткіштерімен ұштастыра отырып, жергілікті ерекшеліктерді ескеріп, өңірлік жұмыспен қамту саясатын іске асыру болып табылады.
Бұл ретте қазіргі уақытта жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, ерікті түрде қоныс аудару, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша іс-макеттерін қалыптастыру бойынша көрсетілетін қызметтердің барлық спектрі сақталады және оларды көрсету сол мекен-жайлар бойынша орналасатын мансап орталықтарында жалғаса береді.
Бұл трансформация жұмыспен қамту қызметін жүйелі түрде қайта құруға, жұмысты жақсартуға және мемлекет көрсететін еңбек делдалдығы бойынша қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған қызмет көрсету жүйесін одан әрі дамыту мақсаттарының бірі - жұмыспен қамту саласындағы барлық қызметтер мен қолдау шараларын толық цифрландыру болып табылады.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Келесі мақала