Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ
ашық дереккөз
ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ
Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні мерекесіне орай «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты облыстық байқауын ұйымдастырған болатын. Мерейлі мереке қарсаңында аталмыш байқаудың қорытындысы шығып, марапаттау рәсімі өтті. Қазақ тілінің қолданылуын дамыту, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік басқару органдары мен мекемелері қызметкерлерінің қазақ тілінде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шешендік қабілетін дамыту, мемлекеттік тілде жұмыс істейтін мамандарды көтермелеу мақсатында ұйымдастырылған байқауға тіл саясатын жүзеге асыру, тілді дамыту мен қолданыс аясын кеңейту тақырыптарында 12 мақала, 11 телебағдарлама, 4 сайт материалы жарияланыпты. Марапаттау шарасында басқарма басшысы Рахия Тұрмаханбетова аталған байқаудың маңыздылығын атап өтіп, БАҚ өкілдерін төл мерекемен құттықтап, ізгі тілегін арнады. – Жыл сайын отандық БАҚ-тың аяқ алысы жақсарып, беделі артып келеді. Қазір жаңалықтардың ең жылдам тарайтын уақыты. Заманауи технологияның дамыған заманында да бар жаңалықтан қалыспай, елге бірінші болып жеткізіп келе жатқан өздеріңізсіздер. Соның ішінде еліміздің өркендеуі, ең жақсы идеялар мен жаңашылдықтарды ілгерілетіп отырған да, сіздер! Біздің жасап жатқан жұмыстарды, яғни мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, мәдениеті мен капиталын көтеруде еңбектеріңіз мол. Қаламдарыңыз қарымды болсын, – деді Рахия Сейітбекқызы. Қазылар алқасының ұйғарымымен «Үздік мақала» номинациясы бойынша журналист Көкен Оршабеков жеңімпаз атанса, Есет Досалы, Айжан Өзбекова және Ахметжан Қосақов арнайы дипломмен марапатталды. Ал «Әлеуметтік желідегі үздік жарияланым» номинациясын Айгүл Иматаева мен Салтанат Кусева иеленді. Ал «Үздік телебағдарлама» номинациясы бойынша Райхан Иманбаева, Назерке Аяздың хабары арнайы дипломға, Аягөз Құлманбет, Мерей Бает және Олжас Айтбановтың хабары алғыс хатқа ұсынылды. Байқау жеңімпаздары мен қатысушылардың барлығы облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының дипломымен, алғыс хаттарымен және сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен қатар тілімізді дамытуға қосқан үлесі мен оның қолданылу аясын кеңейту бағытындағы белсенділігі үшін бірқатар журналиске кәсіби мереке қарсаңында алғыс жарияланды.

«AR-AI»-ақпарат

 
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар