Тамара Дүйсенова зейнетақы қандай жағдайда өсетінін айтты
Вице-премьер – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова журналистердің жыл соңына дейін зейнетақы тағы көтеріле ме деген сұрағына жауап берді.
«Бұл инфляция дәлізіне байланысты. Қазір Ұлттық банк маусым айында инфляция 15 процент болатынын айтты. Сол себепті инфляция деңгейіне қараймыз», - деп жауап берді Дүйсенова үкімет отырысынан кейін.
Министр биыл қаңтар айынан бастап елімізде базалық зейнетақы төлемі өскенін атап өтті.
«Базалық зейнетақысы аз болған азаматтардың төлемі 21 процентке артты. Орташа көлемде алатындардың зейнетақысы осыдан сәл төмен, ал жоғары зейнетақы алатындардікі 8,5 процентке көтерілді», - деді ол.
Келесі мақала