Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ОҚУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

ОҚУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
ашық дереккөз
ОҚУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
Жақында облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрмет Мәжікеновтің төрағалығымен оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша мүдделі ведомстволармен кеңес өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – осы саладағы мәселелерді талқылау және оларды шешу жолдарын нақтылау. Құрмет Кенжеханұлы алдымен кеңеске қатысушыларды балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ұйымдастырылған жұмыстар жайында хабардар етті. – Бұл жұмыс жүйелілікті, кешенді әдіс-тәсілдерді және ведомствоаралық өзара іс-қимылды талап етеді. Ұзаққа созылатын жазғы демалыс кезінде біз балалардың өмірі мен денсаулығына жауапты барлық адамдардың назарын алдын алу шаралары мен қырағылықты талап ететін маңызды сәттерге тағы да аударуды қажет деп санадық, – деп атап өтті Қ.Мәжікенов. Сондай-ақ кеңесте оқу орындарында жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы баяндамалар тыңдалды. Бұл тұрғыда Тараз қалалық полиция бөлімшесінің жедел басқару орталығына бейнекамераларды қосуды толық қамтамасыз ету, дабыл түймелерін, дыбыстық хабарлау жүйелерін орнату, өткізу режимін күшейту және дағдарыс жағдайлары туындаған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша жұмыс жүргізу туралы мәселе қозғалды. Бүгінгі таңда облыста 446 мектеп жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Бірақ әлі күнге дейін барлық мекемелерде техникалық қауіпсіздік мәселелері, соның ішінде Тараз қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығына бейнекамералардың қосылуы, дабыл түймелерімен жабдықтау, орталықтандырылған күзет пультіне қосу және басқа да түйткілдер шешілген жоқ. Бірқатар нысандарда мамандандырылған күзеттің болмауы да көпшілікті алаңдатып отыр. Сонымен қатар жиын барысында терроризмге қарсы қорғаныс пен өрт қауіпсіздігі, мүдделі қызметтер арасындағы жедел байланысты қамтамасыз ету сияқты басқа да мәселелер қаралды. Өйткені оқу орындарындағы түрлі оқиғалардың алдын алу мемлекеттік органдар мен жеке мекемелердің тығыз өзара іс-қимылы нәтижесінде ғана мүмкін болмақ.

Ақтоты Бекенқызы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар