ЖӘБІРЛЕНУШІГЕ ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕТІНІН БІЛЕСІЗ БЕ?
Қазақстанда 2018 жылдың қаңтарында қабылданған «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңының 2020 жылдың бірінші шілдесінен бастап өтемақы төлеуге қатысты бірқатар нормалары қолданысқа енгізілген. Қордың мақсаты – қылмыстан материалдық зардап шеккен, бірақ қылмыс ашылмағандықтан немесе кінәлі сот төрелігінен жасырынғандықтан өтемақы алмаған азаматтарды қолдау. Бүгінгі таңда ҚР Қаржы министрлігі тарапынан 312 миллион теңгеден астам қаржы төленді.
Яғни ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес жәбірленуші деп танылған адамға осы Заңда белгіленген тәртіппен біржолғы ақша төлемі өтеп беріледі. Бұрын келтірілген залал сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан немесе соттың үкімі шыққаннан кейін Заңда белгіленген тәртіппен төленеді.
Жәбірленуші төлемді сот ҚР Қылмыстық кодексінің 98-1 және 98-2-баптарына сәйкес өндіріп алады. Өтемақы ретінде төленген ақшаны өтеу жөніндегі міндетті сот аталған заңда белгіленген мөлшерде кінәлі адамға немесе қылмыс жасауда кінәлі деп танылған кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдеріне, сондай-ақ жеке тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылығымен келтірілген зиян үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес материалдық жауаптылықта болатын заңды тұлғаға жүктейді.
Жәбірленушілерге өтемақы қорынан төленген ақша олардың өтемақы алу үшін анық емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған, сондай-ақ қылмыстық құқықбұзушылықтар «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделмеген құрамдарға қайта сараланған және қылмыстық құқықбұзушылық оқиғасының болмауынан қылмыстық іс тоқтатылған не соттың ақтау үкімі заңды күшіне енген жағдайларда жәбірленушіден өндіріп алынады.
Көмек алушылардың қатарына жыныстық зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар бойынша жәбірленуші болып табылатын кәмелетке толмағандар, адам саудасы мен азаптауға байланысты қылмыстар бойынша жәбірленуші деп танылған адамдар жатады. Сонымен қатар денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған адамдар, жәбірленуші қайтыс болған жағдайда жәбірленушінің құқықтары берілген адамдар да өтемақы ала алады. Қылмыстар құрамының айрықша тізімі жоғарыда аталған бапта көрсетілген.
Заңға сәйкес өтемақыны алушылар Қылмыстық кодекстің 146-бабында көрсетілгендей, «азаптауға байланысты қылмыстар» бойынша жәбірленуші деп танылуы керек.
Азаптау құрбандарына ҚК 146-бабының 1 және 2-бөлігі бойынша өтемақы 30 АЕК және ҚК 146-бабының 3-бөлігі бойынша 40 АЕК мөлшерінде тағайындалады. Заң бойынша өтемақы тағайындау не одан бас тарту туралы шешімді Заңның 6-тармағының 8-бабында көрсетілгендей, қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның уәкілетті басшысы қабылдайды.
Қабылданған заңның маңыздылығы мен әлеуметтік бағытын ескере отырып, қылмыстың құрбаны болған адамдар Заңның 6-бабына сәйкес мемлекеттен өтемақы алуға құқылы екендігі халыққа қосымша түсіндіріледі.
Осылайша әрбір жәбірленуші қордан төлем алуға құқылы. Бұл үшін жәбірленуші немесе жәбірленуші құқықтары берілген адам тергеушіге (анықтаушыға) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелерін не жәбірленушінің жеке басын және құқықтары берілген адамның өтемақы алу құқығын растайтын құжаттарды, банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді, адамды жәбірленуші деп тану туралы қаулының, жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелерін, сондай-ақ жәбірленушінің құқықтары берілген адамның жеке басын куәландыратын келтірілген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесін растайтын құжаттың, қайтыс болған жағдайда оның қайтыс болғаны туралы куәліктің немесе жәбірленушінің қайтыс болғанын растайтын өзге де құжаттың көшірмелері қоса беріледі.
Өтініш берудің ескіру мерзімі адамды жәбірленуші деп таныған күннен бастап үш жылды құрайды. Өткізіп алған мерзімді жәбірленушінің өтініші бойынша сот қалпына келтіреді.
Тұтастай алғанда, осы саладағы заңнаманы жетілдіру жәбірленушілердің құқықтарын мемлекеттік қорғаудың толыққанды институтын құруға, құқықтық мемлекеттің адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тану, сақтау, қорғау міндеттерін орындауға бағытталған.
Нұржан Қадірбек, облыс бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы
Келесі мақала
ОҚУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
Ұқсас жаңалықтар
Заң
Қазақстанның екі үлкен қаласында бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды.
- авторAR-AY
- 20 қараша, 2024