Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?
ашық дереккөз
ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?
Балалардың көптен күткен жаз мезгілінің басталуына санаулы күн ғана қалды. Жазғы демалыс кезінде көптеген ата-ана баласының демалысын есте қаларлықтай етіп өткізуді ойлайды. Қазіргі таңда балаңызға қызықты демалыс сыйлаудың көптеген мүмкіндіктері қарастырылған. Мәселен, балаңызды жазғы лагерьге жіберіп, жанын жадыратсаңыз әбден болады. Баланы лагерьге жіберу – ата-ана үшін өте жауапты іс. Әрине, ата-аналар баласының демалыстан жақсы әсер алып қана қоймай, қауіпсіз және үлкендердің қатаң бақылауында болғанын қалайды, сондықтан мейлінше лайықты жерді таңдауға тырысады. Ал балалар лагері дәстүрлі сауықтыру, спорттық-туристік, театралды болып бірнеше топқа бөлінеді. Бүгінде жалпы облыс бойынша 11 қала сыртындағы сауықтыру лагері болса, оның 4-еуі мемлекеттік, 2-еуі сенімгерлікке берілген, 5-еуі жекеменшік лагерьлер. Өткен жылғы жазғы демалыс маусымында пандемияға байланысты оқушылар 70-80 пайыз сауықтырумен, яғни 1-10-сыныптардағы 215 932 оқушы лагерьмен қамтылған екен. Биылғы жылғы жоспар бойынша оқушылардың жазғы маусымында сауықтырумен және түрлі демалыс шараларымен 1-10-сыныптағы 201 046 оқушыны (100 пайыз) қамту қарастырылуда. Оның ішінде 174 754 оқушы жазғы сауықтыру және демалыс шараларымен және 26 292 оқушыны демалыс шараларымен қамту жоспарланып отыр. – Осы мақсатта көпбалалы, аз қамсыздандырылған отбасы балаларының жазғы сауықтыру демалысына жергілікті бюджеттен 434,9 миллион теңге қарастырылған. Оның 285,2 миллион теңгесі 6 580 баланың қала сыртындағы лагерьлерде демалуына, 149,7 миллион теңгесі мектеп жанындағы сауықтыру шараларына 33 277 оқушыны тарту үшін бөлінді. Сондай-ақ облыстағы 4 мемлекеттік қала сыртындағы лагерьдің әктеу, сырлау және тағы да сол секілді ағымдағы дайындық жұмыстарына 4 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар мемлекеттік лагері жоқ Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Мойынқұм, Сарысу, Шу аудандары мен Тараз қаласының балаларын қала сыртындағы лагерьлерде сауықтыру үшін конкурс жарияланған, – деген облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Мейірхан Азатұлы бүгінгі таңда жыл бойы жұмыс істейтін балаларды демалыспен әрі сауықтырумен қамтитын орталық ашу бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Осыған дейін қала сыртындағы лагерьлердің дайындық жұмыстары жан-жақты зерделеніп, жауапты мекемелер тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілген. Ойын балалары қашанда жазғы демалыстарын қызықты, көңілді өткізуді қалайтыны ақиқат. Ал олардың ата-аналары қалталары көтергенше балаларының тілегін орындауға тырысады. Биыл лагерьлердің көбі дайындық жұмыстарын пысықтап, балаларды 2 маусымнан бастап қабылдайтын болады. Сондықтан әрбір бала демалысын қауіпсіз, сапалы, көңілді өткізсін деп тілейміз!

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар