Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу маңызды

Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу маңызды
ашық дереккөз
Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу маңызды
Қай мемлекет болмасын, оның ең әуелі ұлықтайтын тілі – мемлекеттік тілі. Тіл – әлемдік қоғамдастықтағы мемлекеттердің басты белгілерінің бірі әрі ұлт руханиятының алтын қазығы. Сондықтан, мемлекеттік тілдің дамуын жан-жақты қолдау баршамыздың абыройлы міндетіміз. 1997 жылдың 11 шілдесінде «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы қабылдалданды. Аталған Заңның 4-бабында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi» деп тайға таңба басқандай көрсетілген. Бүгінгі таңда елімізде сот жүйесінде мемлекеттік тілге қойылатын талаптар өте жоғары. Ал, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және осы бағыттағы жұмысты жалғастыру мақсатында соттың судьялары мен сот мамандарынан тұратын арнайы тұрақты комиссиялар құрылған. Олар мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында облыстық және республикалық баспасөз беттерінде мақалаларды тұрақты жариялап тұрады. Мұның бәрі ана тілге деген перзенттік құрмет екенін айта кеткен жөн.

Жасұлан ШЫРШЫҚБАЕВ, Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар