Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ДАҢҚТЫ БАЛУАН – ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

«ДАҢҚТЫ БАЛУАН – ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ
ашық дереккөз
«ДАҢҚТЫ БАЛУАН – ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Тараз сервис және технология колледжі мен облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен облыстың барлық білім беру мекемелерінде «Даңқты Балуан – Жақсылық Үшкемпіров» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті. Кезекті бейнедәріс аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері – Жақсылық Үшкемпіровке арналды. Адалдық сағаты барысында Олимпиада чемпионының өмір жолы, спорттағы жетістіктері, ауылдың қарапайым баласынан Олимп шыңын бағындырған жұлдызды сәтіне дейін кездескен қиындықтары мен еңсерген белестері баяндалды. Жақсылық Үшкемпіров – мінезге бай, кісілік қадір-қасиетке ие, адамгершілігі мол, бейбіт заманның батыры болатын. Ол – сөз бен істің адамы еді, екеуін де ар-ұятпен орындайтын! Жақсылық Үшкемпіров – мақсат қоя білу мен соған жету жолын өз қолымен салып көрсеткен феномен! Жақсылық Үшкемпіров – чемпион болуды ғана емес, чемпион өзін қалай ұстауы керек екенін тұтас қазақ қоғамына сабақ ретінде көрсеткен ұстаз. Жақсылық Үшкемпіров өз сөзінде: «Жетістікке жету қай салада ба болса да оңай емес, күндіз-түні тыңбай еңбек ету керек. Оқуларыңды жақсы оқыңдар, азамат болыңдар, мәселе тек чемпион болуда емес. Ол мыңнан бір немесе миллионнан бір чемпион шығуы мүмкін, қанша күшті болсаң да бабың жанса, бағың жанбай қалуы мүмкін. Сондықтан басты мақсат халқыңның азаматы болу» - деп жастарға жол көрсетерлік ой қалдырған. Бейне-дәріс Jambylinfo ақпараттық агенттігінің ютуб каналына және Департаменттің ресми сайтына орналастырылды. Бейне-дәріске сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=AZNNRcXtUTg
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар