БІЗ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫМЫЗ!
Ғасыр дертіне айналған есірткі және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болып тұр. Осыған орай бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде облыстық полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Біз есірткіге қарсымыз – біз өмірді жақтаймыз!» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
Оған «Ұстаз» институтының 250-ден астам студенті қатысты. Полицейлер есірткі заттарын пайдаланудың зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түрлі құқықбұзушылықтар мен қылмыс жасағаны үшін қарастырылатын жауапкершілік және тыйым салынған заттарды пайдаланудан жастардың денсаулығына әсер ететін теріс салдарлар туралы мәселелер қаралды.
– Негізгі мақсат – нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу, жастардың есірткі тұтынудың зияны және есірткі қылмысын жасағаны үшін жауапкершілік туралы хабардар болуы, сондай-ақ салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттау, – деп атап көрсетті облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
«AR-AI»-ақпарат