Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ
ашық дереккөз
ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ
Ислам діні – адамдарды татулыққа, бірлікке негіздейтін дін. Қазіргі таңда ислам дінінің атын жамылып, адамдардың психологиясына әсер ету арқылы түрлі сенімге адастырып, өз мүдделерінің орындалуын үгіттейтін жат ағымдар аз емес. Діннің атын жамылған жат ағымдардың құрығына діни сауаты төмен, әлеуметтік тұрмысы нашар, қиындық көріп жүрген жастар алданып, түсіп жатыр. Оларды Отанына, отбасына, дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт-дәстүрімізге қарсы қоюда. Өздерінің істеген әрекеттерінің дұрыс екенін дәлелдеу мақсатында қасиетті Құран мен хадистерден мысал келтіріп, адамдардың психологиясына әсер етіп, санасын улап, теріс идеология таратуда. Ал бауырмалдылыққа баулитын шынайы діни жол ешқашан зұлымдық пен әділетсіздікке бой алдыруға, адам баласын жазықсыз өлтіруге жол бермейді. Еліміздің тұтастығына, тыныштығына, ұлтаралық ынтымағына кері әсерін тигізуге бағытталған діни ағымдар мен секталардың шектен шыққан іс-әрекеттері жөнінде айтылып та, жазылып та жүр. Олардың көздеген мақсат-мүдделері діни сауаты төмен адамдардың психологиясына әсер ету арқылы үгіт-насихаттарын жүргізеді. Жат ағым өкілдеріне дінге қызығушылығы төмен адамдардың санасын улау оңай. Өздерінің көмек көрсетуге дайын екенін көрсетіп, жақсылық жасаған сияқтанады. Жақсылық жасап отырған себебін дінге беріктігімен байланыстырады. Осылайша сол адамның жанашыры болып көрініп, тығыз қарым-қатынас жасауды мақсат тұтады. Өз топтарына қосып алған соң санасын байлап, көзіне шел бітіреді. Әр қадамын қадағалап, басқа жақтан ақпарат алмауын негізге алады. Осылайша өз ақпараттары арқылы адам санасын қалыптастырады. Олардың арбауына түскен адамдар радикалды топ мүшелеріне бауыр басып, ең жақын адамдары ретінде санай бастайды. Сол мезетте санасы байлаулы тұрған жастарды Отанына, ата-анасына, ағайын-туыстарына, достарына, айналасындағы үйреншікті болған жайттардың барлығына айдап салып, бойында өшпенділікті оятады. Өзінің өмірін қиюға дайын болатын деңгейге жеткен соң өзгелердің өмірін, ата-ана, бауырларының өмірін ойланбай қиюға дайын тұрады. Алайда жастар жат пиғылды ұйымдардың өз жұмысын жүргізуде нақты қандай әрекеттерге баратындығынан бейхабар. Радикалды топтардың мақсаты – адамдарды Отанынан, ата-анасынан, ағайын-туыстарынан, достарынан, діннен, қоғамнан алыстату. Олардың осы пиғылына қарсы тұру үшін жастарымызға отбасында толыққанды тәлім-тәрбие беру, ата-ананың махаббат жылулығын сезініп өсуі, әр отбасында діни сауаттылықты қалыптастыру, баланың қалыптасу кезеңінде ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрлерді дәріптеу, психологиялық қолдау көрсету, жастардың әлеуметтік желіні көп қолдануына байланысты мазалаған сұрақтар бойынша дін мамандарының жауаптарын және мешіт имамдарының кеңестерін әлеуметтік желілерге жариялау арқылы жастардың діни сауаттылығын арттыруға үлесімізді қоса аламыз. Жастарды жат ағымның жетегіне еруден аман алып қалу үшін халықтың діни танымының қалыптасуына жағдай жасауымыз керек. Діни радикализмге қарсы тұратын иммунитет қалыптастыру үшін, ең алдымен, отандастарымызға психологиялық көмек көрсетіп, дұрыс діни мәліметтер беруге тиіспіз.

Жанна ҚАЛДЫБЕКОВА, облыс әкімдігі дін істері басқармасының дін проблемаларын зерттеу орталығының психологі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар