Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Цифрландыру сан салаға серпін беруде

Цифрландыру сан салаға серпін беруде
ашық дереккөз
Цифрландыру сан салаға серпін беруде
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі 30 жыл ішінде цифрландыру саласында біршама табысқа қол жеткізді. Әсіресе кейінгі жылдарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылып, саланың кем-кетігі бүтінделіп, жоқ-жітігі түгенделуде. Солай болуы керек те. Өйткені жұдырықтай жұмыр жердің халқын жылдан аса карантин қыспағына алған пандемия кезінде цифрлы технологияның қажеттілігі анық көрінді. Уақыт талабына сай бүгінгі таңда халыққа қызмет көрсету саласында да цифрландыру бағытында нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Түрлі баянды бастамалар, жарқын жобалар қолға алынып, өз жемісін беруде. Мәселен, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын оңтайландыру және азаматтардың қанағаттанушылығын арттыру мақсатында 2022 жылғы 21 желтоқсанда «Заңды тұлғаларға арналған ХҚКО» пилоттық жобасы іске асырылды. «Заңды тұлғаларға арналған ХҚКО» – заңды тұлғаның ақылы негізде мемлекеттік қызметтерді қосымша сервистермен, ыңғайлы жағдайда, дербес менеджердің қызметтерімен кезекті айналып өте алатын бөлім. Пилоттық жоба заңды тұлғаның одан әрі қызметі үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсына отырып, құжаттар топтамасын қалыптастыруға көмектеседі. Осылайша жоба аясында заңды тұлғаға ынтымақтастықтың 2 түрін таңдау ұсынылады. Серіктестіктің бірінші түрі бойынша, заңды тұлға танымал қызметтерді және оның қосымша сервистерін алуға келісімшарт жасаса алады. Бұл заңды тұлғаның кәсібін жүргізуде мемлекеттік қызметтер мен қосымша құжаттарды алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар заңды тұлғаға мөр дайындау барысынан бастап, оны мекенжайына дейін жеткізіп беру жолдары қарастырылған. Ал серіктестіктің екінші түріне сәйкес клиенттер жеке менеджермен 3 айға келісімшарт жасасып, мемлекеттік қызметтердің барлық түрін ала алады. Заңды тұлға жеке менеджер арқылы мемлекеттік қызметті алып қана қоймай, көрсетілген мекенжай бойынша құжаттарды жеткізуге тапсырыс бере алады. Жеке менеджердің міндетіне заңды тұлғаға кеңес беруден бөлек, құжаттар топтамасын қалыптастыру да кіреді. Ал жеке менеджердің міндеттеріне заңды тұлғаға кеңес беру, құжаттар пакетін қалыптастыру кіреді. Бүгінгі таңда сектор штаттық режимде жұмыс істейді. Жұмыс кестесі таңғы сағат 09.00-ден кешкі 18.00-ге дейін. Секторда 6 маман жұмыс істейді. Жаңа орталықтың ашылуымен қызметкерлердің жүктемесі азайып, заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы жақсаруда.

Сәуле ЕРМЕКОВА, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы бірыңғай байланыс орталығы басшысының орынбасары

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар