Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

РОБОТ ҚҰРАСТЫРҒАН ОҚУШЫ ГРАНТ ИЕЛЕНДІ

РОБОТ ҚҰРАСТЫРҒАН ОҚУШЫ ГРАНТ ИЕЛЕНДІ
ашық дереккөз
РОБОТ ҚҰРАСТЫРҒАН ОҚУШЫ ГРАНТ ИЕЛЕНДІ
Дулати университетінде оқушылар арасында облыстық робототехника байқауы өтті. Бұл – жыл сайын университет және «Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация» кафедрасының қолдауымен өтіп тұратын оқушылар мен колледж студенттері арасындағы жас робототехниктердің жарысы.  Биыл білгірлердің бәсекесі Дулати университетінде төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Дәстүрлі байқау 4 жылда мектеп оқушылары, колледж студенттерінің робототехника саласы бойынша талдамалық және дизайнерлік дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беретін бірегей алаңына айналып үлгерді. Әр жылы үздік шыққан қатысушылар бағалы сыйлықтармен, диплом және алғыс хатпен марапатталса, жарыс жүлдегерлеріне университеттің оқу гранты беріледі. Конкурс ережесі бойынша қолданбалы және ойын-сауық сипаттағы роботтар үшін арнайы бағдарламаларды жасау, құрастыру қажет. Дайындалған жұмыстың қоғамға пайдасы мен экономикалық тиімділігіне баса назар аударылды. Заман талабына сай ІТ саласы да күннен-күнге сұранысқа ие болып келеді. Оның тағы бір дәлелін бүгінгі сайыс қатысушыларының қатарынан көруге болады. Жалпы 86 білім беру мекемесінен 155 үміткер және 35 команда үш номинация бойынша бақ сынады. «Жылдам жарыс» кезеңінде әр команда уақытқа байланысты межелеген жерге бірінші болып келуі шарт. Яғни сызық бойымен жарыс кіші топ старттан финишке дейін жүріп өту керек. Старттың квадратынан бастаса 5 ұпай, фиништің квадратына тоқтаса 5 ұпай беріледі. Барлығы 10 ұпай және жоғары көрсеткішке ие болады. Келесі бағытта өнер көрсеткендер «Мини – Сумо10х10» номинациясы бойынша бақ сынады. Дәлірек айтқанда, «Мини сумо размері 10х10» болу керек, салмағы 50 грамм. Робот қарсыласын рингтан шығаруы талап етіледі. Бағдарламалау тілін игеру және дұрыс қолдану арқылы адам миын имитациялайтын жасанды интеллект ойлап табу да жолға қойылған. Роботты құрылғыларды ерекше нұсқалары бойынша жасаған үміткерлер өндіріске және қоғамға пайдалы болатын жобаларды ұсынды. Соның бірі – Жамбыл облысының Меркі ауданындағы №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Саян Мейірбек. – Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін баспалдақтан құрылғы көмегімен кедергісіз көтерілудің тиімді жобасын ұсындым. Кей мекемелерде лифт орнатылмаған, бұл жоба өндіріске енгізілетін болса, қоғамға пайдалы болар еді, – дейді жас талант. Ол сондай-ақ спортты жанына серік еткен жандар үшін де жаңа «Робот тренерді» ойлап тапқан. Басты ерекшелігі сол, адамның денсаулығына қарай қандай жаттығулардың қажет екенін және сол сәттегі ішкі иммунитеттің қалыптылығын көрсетеді. Тартысты өткен байқау қорытындысын шығару мамандарға оңайға соқпады. Дегенмен еңбекті бағалап, ерекшелікті ескеріп, төрешілер жүлдегерлерді анықтады. IV облыстық робототехника байқауының қорытындысы негізінде Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Арыстан Садықовқа Дулати университетінде барлық оқу кезеңіне тегін оқу құқығы берілді.

«Дулати» университетінің медиа қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар