Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҚҰРЫЛЫСТА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН ҚАТАҢ САҚТАУ қажет

ҚҰРЫЛЫСТА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН ҚАТАҢ САҚТАУ қажет
ашық дереккөз
ҚҰРЫЛЫСТА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН ҚАТАҢ САҚТАУ қажет
Құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау және білмеу салдарынан мерт болып жатқандар көп. Құрылыс басындағы түрлі оқыс оқиғадан кейін жұртын кейбірі мердігер компанияны кінәласа, енді бірі құрылысшының өзін айыптайды. Жалпы құрылыспен айналысатын, құрылыс обьектілерінде жүк көтергіш механизмдерімен жұмыс істейтін мекеме, ұйым басшылары жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №359 бұйрығымен танысуы керек. Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару үшін қауіпті техникалық құрылғының иесі немесе қауіпті техникалық құрылғыны пайдаланатын ұйымның басшысы, өнеркәсіптік объектілерде, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтініш береді. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі үш жұмыс күні. Жүк көтергіш механизмдерін пайдалануға берер алдында мемлекеттік инспектордың қатысуымен қабылдау сынақтары, техникалық куәландырулар жүргізілуі қажет. Крандармен қауіпсіз жұмыс істеуге жауапты адам қағидалардың талаптарына, әзірленген және бірінші басшы бекіткен технологиялық регламенттерге сәйкес жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ жүк көтергіш механизмдермен жұмыс істеген жұмысшы ерекше жағдайларға, қауіпті факторларға, кранның шамадан тыс жүктелуін болдырмауға назар аударуы керек. Сонымен қатар жұмысты қауіпсіз орындау бойынша краншылар мен ілмектеушілерге нұсқау беруге, жүктерді ілу және асып қою дұрыстығын, жебелі, өздігінен жүретін крандарды орнату дұрыстығын, жартылай вагондарды, платформаларды және автомашиналарды жүктеу және босату кезінде жұмыстарды орындау қауіпсіздігін, ілмектеушілердің жеке қауіпсіздікті сақтауын бақылауға міндетті. Сонымен бірге крандарға қызмет көрсетуге оқымаған және білімі тексеруден өтпеген персоналдарды, кран жұмысы кезінде белгі берушілерді тағайындауға, ілмектеушілердің қажетті құрамын анықтауға жол бермеуі керек. Жүк көтергіш механизмдермен жұмыс істеген адам осы қағидалармен қарастырылған жағдайларда рұқсат-нарядсыз жұмыстарды жүргізуге жібермеу, жұмысшыларды крандармен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін қажетті аспаптармен және құралдармен қамтамасыз етуге, краншылардың және ілмектеушілердің технологиялық регламенттерді орындауын бақылауды жүргізу жайын да бақылауда ұстап отыруы шарт. Егер құрылыспен айналысатын, жүк көтергіш механизмдерін қолданатын мекеме, ұйым басшылары жоғарыда айтылған қағидаларды қолданысқа алып жұмыстарын талаптарға сай жасайтын болса, жазатайым оқиға мен оқыс оқиғалардың алдын алуға болады.

Ж.Жасұланұлы, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің бас маманы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар