Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«QAISAR» ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ ҚЫР-СЫРЫН ҮЙРЕТЕДІ

«QAISAR» ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ ҚЫР-СЫРЫН ҮЙРЕТЕДІ
ашық дереккөз
«QAISAR» ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ ҚЫР-СЫРЫН ҮЙРЕТЕДІ
Жуырда «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен 10-11-сынып оқушылары арасында «Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының іріктеу кезеңі өтті. Жобаның негізгі мақсаты – жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери патриоттық рухты қалыптастыру, жас ұрпақты әскери қызметші мамандығымен және әскери қызметтің қыр-сырларымен таныстыру. Әскери-патриоттық ойынға облыстың түкпір-түкпірінен келген 11 команда қатысып, қызу бәсекенің үздік үлгісін көрсетті. Қатысушылар қашықтыққа жүгіруден, арнайы әскери жаттықтырушылар дайындаған кедергілерден тұратын эстафета және танымын кеңейту бойынша викторина сұрақтарына жауап беру арқылы сынға түсті. Сондай-ақ саптық дайындықта командалық дайындықтарының деңгейін танытты. – Сайыстың оқушыларды ұйымшылдыққа шақырып, патриотизм рухында тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттауда алар орны айрықша. Осы орайда, облыстық іріктеу кезеңін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелеріне, әскери сабақ жетекшілеріне алғысымды білдіремін, – деді Дауыл Бейсенқұлов. Ойын нәтижесінде Д.Карбышев атындағы №16 орта мектебінің командасы жүлделі үшінші орынға, ал Т.Рысқұлов ауданының Құлан мектеп-гимназиясының оқушылары ІІ орынға ие болды. Жауынгерлік рухты көтеретін атаулы сайыста Талас ауданынан келген А.Байтұрсынұлы атындағы гимназиясының өрендері І орынды иеленді. Айта кету керек, 4 мамырда Астанада өтетін республикалық сында облыстың құрама командасы өңір намысын қорғайтын болады.

Аяулым ЖАМАНҚАРА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар