Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Болашақ аспаздар арасындағы сайыс

Болашақ аспаздар арасындағы  сайыс
ашық дереккөз
Болашақ аспаздар арасындағы сайыс
Кеше облыс әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында «Jibek Joly Fest-2023» студенттер арасындағы халықаралық чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шара барысында тәжірибе алмасу, халықаралық әріптестік орнату мақсатында меморандум жасалды. Айта кетейік, байқау ағымдағы жылдың 26-28 сәуірінде облыс әкімдігі білім басқармасының Тараз сервис және технология колледжі базасында колледж студенттері арасында «Аспаздық іс құзыреті» бойынша өтеді. Фестивальдің мақсаты – аспаз мамандығының беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту. Байқау студенттері шеберлік, жан-жақтылық, әділдік, инновация, адалдық және серіктестік пен ашықтық секілді құндылықтарды көрсете білуі тиіс. Тараз сервис және технология колледжінің базасында жалпы 8 қатысушы өз шеберлігін көрсету арқылы сынға түседі. Қырғыз Республикасынан – 5, Өзбекстаннан – 1, ал Ақтау мен Алматы облыстарынан бір қатысушыдан 3 кезеңде ерекше рецептерімен ас дайындайды. «Jibek Joly Fest-2023» халықаралық кәсіби шеберлік конкурсында көне тағамдарымыз қайта жаңғырмақ. Наурыз көже, ши қуырдақ, той бауырсақ секілді уақыт өтсе де ескірмеген асымызды жас аспаздар дайындайтын болады.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар