Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ӨЛЕҢГЕ ӘРКІМНІҢ-АҚ БАР ТАЛАСЫ»

«ӨЛЕҢГЕ ӘРКІМНІҢ-АҚ БАР ТАЛАСЫ»
ашық дереккөз
«ӨЛЕҢГЕ ӘРКІМНІҢ-АҚ БАР ТАЛАСЫ»
Абай атамыздың «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деген жыр жолдары өлеңді ақындық қабілеті бар кез келген адамның жазуына болатынын ұқтырғандай. Біз бір топ жырын оқырман назарына ұсынып отырған Байзақ ауданы, Қосыбатыр ауылының тумасы Сағадат ЖАУЛЫБАЕВ «қамшының сабындай» қысқа ғұмырында соңына сәулелі ой қалдыра білген ақын. Биыл 46 жасқа қараған шағында өмірден озған оның бір топ өлеңі қолымызға түскен еді. Сағадат Нұрғалиұлы тіршілігінде өлең жазумен түбегейлі айналыспаса да бір мезет көңіл күй құбылысын өлең етіп өруді өмірде мақсат тұтқаны байқалды. Оның жазған-сызғанын шолып шыққанымызда өлеңнің техникалық құрылымын тәп-тәуір меңгергенін ұғындық. Бастысы оның жырларында әдебиетке төнер қауіп жоқ.

РЕДАКЦИЯДАН

Аман жүрсін сәбилер Өскен жерден кетіп ек, Тіршілігіміз қала боп. Ауылмен ара сетінеп, Қамымен бала-шаға деп. Заманның еріп көшіне, Келеміз қалмай тырысып. Алладан берген несібе, Түгесілгенше ырыс-құт. Өтуде күндер, толқындар, Өмір мен өлім алмасып. Кеткеннің орнын толтырар, Періште сәби жалғасып. Аман жүрсін сәбилер, Көңілде мұң мен нала жоқ. Куәсі соның болайық, Құдаша-құда бала боп. Сыңарым Аппақ тілегің орындалғанда, Аңсаған бақыт қолыңды алғанда. Не жетер шіркін өзіңнің мәңгі, Сүйген жарыңа жолыға алғанға. Асқақ арманға баратын бірге, Шырағым болып жанатын түнде. Сырымды ұғар сыңарым өзің, Өмірдің әнін салатын бірге. Тілегім болып жүрсің қасымда, Шаттықтан көңілім көлдей тасуда. Бәрінің бірдей мына жалғанда, Жетпейді-ау қолы сендей асылға. Таптың да өзің дертімнің емін, Биледің бірдей еркімді менің. Әлемнің барлық әдемілігін, Бойыңа жиып беріпті сенің. Жайық Есіліп Жайық ағады, Толқыны сүйіп жағаны. Арманы асқақ екі жас, Алаңсыз күлім қағады. Жайқалтып жайық ағады, Толқыны соғып жағаны. Өрекпи берген жүрегім, Қайтсе бір тыным табады. Баяулау Жайық ағады, Көк мұнар жауып жағаны. Бар қызық көрген түстей боп, Ыстық жас жерге тамады. Сүйем... Сүйем десем сенбейсің-ау, сенбейсің, Сүйе алмайды сені ешкім мендей шын. Қанша маған сенбегенмен сезімің, Сенде мендей сағынышпен шөлдейсің. Азап маған жырақ жүру өзіңнен, Түндерім аз сені ойламай көз ілген. Ай-күнімсің, жұлдызымсың көктегі, Сүйем сені ыстық іңкәр сезіммен. Сағынбасам мен сені неге іздедім, Көркімде нұр болғанмен көзімде мұң. Айтшы жаным, жалын атқан жүрекпен, Сезіммен сен менің егіз бе едің. Сені сағындым Көп болды жаным, өзіңді жүрмін сағынып, Тағдырдың мынау салғанын басқа тағынып. Есіме алсам өткен күндерді шуақты, Сезім өртейді жанымды менің жалын қып. Сағындым сені, сүйер деп бірақ ойлама, Өткенді ойлап күрсінемдағы жай ғана. Көзімнен тамған бір ғана тамшы ұлғайып. Мөлдір шық басқан меңіреу қазір айнала. Өмірде маған ынтызар боп-ақ өтіп ең, Қосыла алмаймыз, тағдырға мынау өкінем. Қош сау бол енді алғашқы менің сүйгенім, Ұмыттым сені, сенде ұмыт мені өтінем. Тағдырдың бізге берер бақыты болса егер, Береді Алла бұл дүниеде сол шебер. Күтейік жаным, іздейік соны өмірден, Үміт жоқ жерде қарайса жүрек, ол сөнер.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар