Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Әлеуметтік төлемдер мөлшері артып келеді

Әлеуметтік төлемдер мөлшері артып келеді
ашық дереккөз
Әлеуметтік төлемдер мөлшері артып келеді
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен кезекті брифингте Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Аслан Оразбеков салада атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды. Оның айтуынша, облыс бойынша ынтымақты зейнетақы алушылардың жалпы саны – 130 832, базалық зейнетақы алушылардың саны 126 162 адамды құрайды екен. Өткен жылы зейнетақылар мен жәрдемақылардың барлық түрлерінің мөлшері ұлғайтылған. Жыл басынан бері қалыптасқан зейнеткерлер үшін ынтымақты зейнетақы мөлшері 10,5 пайызға артыпты. Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыс мөлшері 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін (158,7 мың теңгеден 189,8 мың теңгеге дейін) ұлғайтылыпты. – Зейнетақының ең төменгі мөлшері 68,2 мың теңгеден 77,4 мың теңгеге дейін өсті. Бұл өсім барлық зейнеткерлерге әсер етті. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдарға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 8,5 пайызға ұлғайды, – деді баяндамашы. Жаңа жылда көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы мөлшері де өскен. Төрт баласы бар отбасыларға бұрын 50 976 тенге төленсе, қазір ай сайын 55 304 теңге төленеді. Ал бес балаға – 69 138, алты балаға – 82 973 теңге, жеті балаға 96 807 теңге төленеді. Сонда әр балаға 13 800 теңгеден төленіп тұр. Сондай-ақ брифинг спикері алты баласы бар анаға «Күміс алқа» және жеті немесе одан да көп баласы бар «Алтын алқа» иелеріне 6,4 айлық есептік көрсеткіш немесе 22 080 теңге мөлшерінде ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төленетінін айтып өтті. Инновациялардың ішінде отбасының цифрлық картасына да жеке тоқталды.

Эльмира БАЙНАЗАРОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар