Ауылды дамыту жобалары жалғасын тапты
Облыс ауылдарының бір бөлігінің инфрақұрылымын кешенді дамыту әлеуметтік жобасы жалғасуда. Атап айтсақ, Талас ауданындағы үш ауылда демеушілер есебінен салынған ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілуде.
Талас ауданындағы Ойық, Бөлтірік шешен, Сейілбек және Ұланбел елді мекендерінде жергілікті халықтың өмір сүру сапасын және осы ауылдардың жайлылығын арттыруға арналған жергілікті инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының, «QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС және «Дамыған әлем» қоғамдық қорының бірлескен күш-жігерімен Ұланбел ауылында балаларға арналған ойын, воркаут және баскетбол алаңдарын салу ісі аяқталып, пайдалануға берілуде.
Сондай-ақ аталған демеушілердің қаржылық қолдауымен «Дамыған әлем» қоғамдық қоры Талас ауданындағы Ойық, Бөлтірік шешен және Сейілбек елді мекендерінде де осы секілді жұмыстар аяқталып, ел игілігіне тапсырылуда.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Келесі мақала