Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Баға бағынбай тұр

Баға бағынбай тұр
ашық дереккөз
Баға бағынбай тұр
Қара базарға қара шай іздеп бара қалсаңыз, бағасын көріп секем алып қалмаңыз. Замана қарыштап дамып жатқанда бағаның ғарышқа жетуі – өзекті мәселе. Екі адам жолыға қалса айтатыны – осы қымбатшылық.  Баға шарықтап қайда барады деп алаңдайды жұрт. Бұл жағдай біздің өңірді де айналып өтпеді. Бір байқағаным, Таразда тіркелген кейбір азық-түлік бағасы елорда дүкендері мен базарларындағы нарықтан асып түспесе, кем түспес. Үлкен қалаларда апта сайын ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкелері өткізіліп тұрады. Бұл шаралар азық-түлік бағаларын белгілі бір деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Сондықтан да ол қалалардағы азық-түлік бағасы біздікінен анағұрлым төмен. Неліктен Таразда осындай жәрмеңкелер жиі-жиі өткізіліп тұрмайтыны түсініксіз. Бүгінгі күннің тағы бір маңызды мәселесі – ол жалақы мәселесі. Мысалы, елордамен салыстырар болсақ, онда жалақы біздікіне қарағанда анағұрлым жоғары. Қай қазақты тыңдасақ та айтары сол – қымбатшылық. Тағам мен тауардың бағасының төмендер түрі жоқ. Шарықтау шегіне қашан жететіні белгісіз. Әсіресе біздің Әулиета өңірінде жалақы төмен, зейнетақы да көңіл көншітерлік емес. Осы орайда есіме бір зейнеткер әженің дүкенде алдында алған қарызына зейнетақысы жетпей қынжылғанын көріп жүрегім ауырды. Елімізде осылай қиналып жүрген жандар қаншама. Ал азық-түлік бағасы күн санап аспандап барады. Бұған тоқтау болар ма екен? Одан басқа да күнін әзер көріп жүрген жандар жетерлік. Сондайларды көргенде Қазақстанда қаншама байлық бола тұра неге бұлай деген сұрақ көкейіңізді тесіп жібереді. Қара шай мен қара нанды қанағат тұтып жүрген қарашаны ойлар жан бар ма? Әсіресе көпбалалы, материалдық жағдайы төмен, аз қамтылған отбасылар үшін бұл жағдай оңайға соқпасы анық. Біздің өзіміз дүкенге бара қалсақ, азық-түліктің аспандаған бағасынан бас көтере алмай қалатынымыз бар. Сол себепті елеңдейтін емес, ести білетін, естігенінен нәтиже шығара білетін лауазымды тұлға табылар ма екен? Ақшаның құны түсіп, ел-жұрт не істерін білмей дал болып жатқанда баға қайда барады өзі?.. Бейбарыс ШАЛАБАЕВ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4-курс студенті
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар