Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Даму»-дың демеуімен жаңа автобустар келді

«Даму»-дың демеуімен жаңа автобустар келді
ашық дереккөз
«Даму»-дың демеуімен жаңа автобустар келді
«ТаразТрансМоторс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2012 жылдан бастап жолаушылар тасымалдаумен айналысып келеді. Бұл серіктестік Тараз қаласының 2 бағыты бойынша жолаушылар тасымалдау қызметін ұсынады. Бұған дейін «Тараз Транс Моторс» ЖШС Тараз қаласы бойынша жолаушылар тасымалы қызметін жүзеге асыру үшін өз қаражаты есебінен Қытай елінде жасалған 5 автобус сатып алған болатын. Арада біршама уақыт өткеннен кейін серіктестік өз табысы есебінен қала бойынша жолаушыларды тасымалдау үшін Қытайда шығарылған тағы да 16 автобус сатып алған. Аталған автобус паркіне былтыр 10 жаңа автобус сатып алу үшін қарыз қаражаты қажет болды. Компания сол кезде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалына жүгініп, өз мақсатын жүзеге асыру үшін несие алуға бекінеді. Осылайша екінші деңгейлі банктің бірі – «ForteBank» акционерлік қоғамы арқылы несие рәсімдеудің сәті түседі. Нақты айтқанда, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде несиесі мақұлданып, аталған қор пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдендіру қызметін ұсынады. Бұл ретте кәсіпкер үшін сыйақының жылдық мөлшерлемесі 6 пайызды құрағанын айта кетуіміз керек. Сонымен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» арқасында «ТаразТрансМоторс» ЖШС 10 жаңа автобус сатып алды. Кәсіпкердің қазіргі заманғы автобустар санын арттыра түсу ниеті бар. Компания қала тұрғындарын қоғамдық көлік қызметін тұтынуда өздерін жайлы сезінуі, жүргізушінің жұмысына риза болуы үшін лайықты жағдай жасауға тырысып келеді.

Ақнұр ЖОРАБЕК, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4-курс студенті

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар