Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
ашық дереккөз
Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін күн мен қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан Facebook-те жазды. Боксшы өзінің әлем чемпионы атағын екінші рет 13 мамырда АҚШ-тың Калифорния штаты Стоктон қаласында қорғайды. Ол 27 жастағы канадалық былғары қолғап шебері Стивен Батлермен қолғап түйістіреді. Бұған дейін Qazaq Style WBO рейтингінің үздігі Лиам Смитпен жұдырықтасады деп жарияланған болатын. Алайда ол осы жазда Крис Юбанкпен шаршы алаңға шығады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар