Дауыс беру ұйымшылдықпен өтуде
Тараз қаласындағы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында орналасқан №35 сайлау учаскесінде Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына дауыс беру қарқынды жүруде. Келген сайлаушылардың көңіл күйі көтеріңкі.
№35 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Айгүл Ашированың айтуынша, 11.00-гі мәлімет бойынша, 180-нен астам сайлаушы өз таңдауын жасаған екен. Жалпы аталған учаскеде 2 581 дауыс беруші тіркелген.
– Сайлау учаскесі жұмысын таңғы сағат 07:00-де бастады. Халықтың белсенділігі өте жоғары. Жастар да, қарт адамдар да толассыз келіп, өз таңдауларын жасауда. Ешқандай заң бұзушылық орын алған жоқ.
Сондай-ақ 41 сайлаушыдан үйден дауыс беру туралы өтініш түсті. Түскі сағат 12:00-ден кейін 41 азаматтың үйіне барып, дауыстарын алатын боламыз, – дейді А.Қуанбекқызы.
Дауыс беріп шыққан ақсақалды сөзге тартқанымызда, зерлі шапан киген қазақы қалыптағы қария Ұлыстың ұлы күнімен қатар келген сайлаудың халықтық мерекеге айналғанын айтты.
Келесі мақала
Танымал көкпаршы өз таңдауын жасады
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтары
Шуда натрий цианидін өндіретін зауыттың қазығы қағылды
- авторAR-AY
- 28 қараша, 2025




