Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл ауданында ең бірінші болып дауыс берген қария анықталды

Жамбыл ауданында ең бірінші болып дауыс берген қария анықталды
ашық дереккөз
Жамбыл ауданында ең бірінші болып дауыс берген қария анықталды
Бүгін – елімізде айтулы күн. Кезектен тыс ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтуде. Жамбыл ауданынан 25 сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы 07:00 бастады. Өңірде 41 387 сайлаушы тіркелген. Аудан азаматтары таң сәріден сайлау учаскелерінен табылуда. 2393 сайлаушысы бар Жамбыл ауылдық округіндегі №163 сайлау учаскесінде алғаш дауыс берушіге сыйлық табыс етілді. Танта ауылының ақсақалы Иманалиев Жанат өңірдегі ең алғашқы дауыс беруші болып тіркелді. Ауыл қариясы ақ батасында беріп, елдегі айтулы күн әділ өтуін тіледі.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар