Танымал көкпаршы өз таңдауын жасады
Қазақстанның әрбір азаматы еліміз үшін бүгінгі тағдыр шешті тарихи сәтте саяси белсенділік танытуда қалыс қалмауы керек. Себебі әр азаматтың ҚР Парламенті Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттығынан үміткерлерге дауыс беруі кемел келешегіміз бен жарқын болашағымызды айқындайды. Бұл Жамбыл ауданы Айша бибі ауылының тұрғыны, атақты көкпаршы Нұрдәулет Момыновтың пікірі.
Ол ауылында орналасқан №159 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып, сайлау учаскесіге ерте келіп, өз таңдауын жасады.
– Бұл сайлаудың маңызы айрықша. Аймағымыздың әр өңірінен кілең мықтылар додаға түсті. Барлығының мақсаты айқын. Мен осынау тарихи сәтте өз таңдауымды жасадым. Сайлауға қатысып, өз таңдауын жасап, дауыс беру әрбір азаматтың парызы деп білемін. Мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтып, өсіп-өркендету қандай маңызды болса, осы ұлы міндеттерді іске асыратын азаматтарды таңдап дауыс беру де үлкен міндет. Әлбетте олар ұлттық өнерге көңіл бөлуді ұмытпаса деймін. Атадан балаға мирас боп келе жатқан қасиетті өнерімізде ұлттың үні бар. Ал оның жаңғыруы – біздің болмысымыздың айғағы. Еліміз дами берсін, ел-жұртымыздың ауызбіршілігі мығым болсын, – дейді ол.
Көкпардан ел біріншілілігінде сан мәрте топ жарған, бір емес, жеті мәрте чемпион атанған «Әулие-Ата» кәсіпқой клубының жетекшісі Нұрдәуллет Момынов бүгін өзінің ғана емес, елдің болашағына және өзінің өсіріп отырған ұл-қыздарының жарқын өміріне таңдау жасағанын жеткізді.
"AR-AI"-ақпарат
Келесі мақала