Талай талаптыға трамплин болған...
Жамбыл өңірі – қазақ журналистикасының ұстаханасы десек, соның ішінде жамбылдық жастардың ортақ үніне айналған «AR-AI» басылымы сол мектептің бастауыш сыныбы сынды.
Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...
Жамбыл өңірі – қазақ журналистикасының ұстаханасы десек, соның ішінде жамбылдық жастардың ортақ үніне айналған «AR-AI» басылымы сол мектептің бастауыш сыныбы сынды.
«AR-AI» газетімен тағдырым 2008 жылдың қараша айында тоғысты. Ол кезде басылым небәрі үш жылдығын тойлап жатқан. Сол уақытта басылымда дизайнер болып Маржан Өсерова мен Динара Естаева жұмыс істейтін, ал мен теруші қызметіне қабылдандым. Газеттің ең алғашқы редакторы Болат Бекжанов: «Бізге компьютер...
2005 жылдың 10 тамызында облыстық «АR-AI» жастар газетіне есепші болып жұмысқа қабылдандым. Ол кезде «АR-AI» жастар газетін ашу жөнінде облыс әкімінің қаулысы шығып, біз құжаттарды дайындауға кірісіп кеткен едік. Бірақ газетке облыс бюджетінен қаражат бөлінбеген болатын. Штатқа 10-11 адам жұмысқа қа...
«AR-AI» газетінің жиырма жылдығына байланысты жазылып жатқан естеліктер менің есіме де біраз жайтты түсірді. Облысты Бөрібай Жексембин басқарып тұрған кез болатын. Өңірімізден жастар газетін шығару туралы сөз бола бастағаны да осы тұс еді. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы ол кезде Масат Бе...
Жалпы әрбір басылымның өзіндік бағыт-бағдары болады дегенімізбен, негізгі ұстаным біреу-ақ. Ол – оқырманға нақты ақпарат беру. Бұл тұрғыда журналистерге әсте қателесуге болмайды. Өйткені, толық зерделенбеген мәлімет ел-жұртты адастыруы әбден мүмкін. Міне, осы орайда редакцияларға үлкен жауапкершілік...
Қазақ журналистикасы – талай кезеңді бастан өткерген, тарихы терең, тағылымы мол сала. Кешегі Мұхамеджан Сералин мен Ахмет Байтұрсынұлы сынды ұлт руханиятының шамшырақтары қалам ұстап түскен бұл қасиетті жолды кейін Шерағаңдар жалғап, өрісін кеңейтіп, бағын жағып, бағбаны болды.
«АR-AI»-дың алғашқы санының жарық көргеніне де көзді ашып-жұмғанша 20 жыл толыпты. Бұл – өңір мәдениетіндегі, руханиятындағы маңызды оқиғалардың бірі.
Жамбыл жастарының жүрегіне жол тапқан «AR-AI» газеті талай буынға шығармашылық алаң, рухани ұстаз болғаны өтірік емес. Бұл естелікте басылыммен тағдырын тоғыстырған журналист ретінде газетті қолға ұстаған сәттегі өзімнің алғашқы әсерімді, еңбек жолымдағы қызық, әрі қиын сәттерді, ұжымдағы достық пе...
Облыстық «АR-AI» жастар газетінің ақпарат кеңістігінде 2005 жылы қара күзде пайда болуы рухани өміріміздегі белгілі оқиға болды. Оны көзіміз көрді. Ең алғашқы бас редакторы Болат Бекжанов деген біздің тамаша әріптесіміз, бауырымыз. Үлкен жүректі азаматтың бастамасымен осы газеттің алғашқы нөмірі жар...
Жамбыл облыстық «АR-AI» жастар газеті ақпарат айдынына ақ желкенін керіп, асқақ рухпен келді. Назым Хикметтің «Біз жанбасақ лапылдап, Аспан қалай ашылмақ?!» деп өрілетін өлең жолдарын ұран еткен басылымның 2005 жылдың 13 қазанында жарық көрген алғашқы нөмірі ә дегеннен ерекше дизайнымен, жанр алуан...