Жаңалықтар
«Бізге тәртіп керек»: Сенат төрағасы бюджет қаражатын үнемдеуге шақырды
- author AR-AY
- 16 наурыз, 2023
- 283
«Бізге тәртіп керек»: Сенат төрағасы бюджет қаражатын үнемдеуге шақырды
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев республикалық бюджет қаржысын үнемдеуге шақырды, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Палата төрағасының айтуынша, соңғы 5 жылда республикалық бюджет пен мұнай кірісі 66% артқан.
«Жақсы көрсеткіш. Алайда 5 жылдағы шығын 120% көбейген. Демек, бізде шығын кірістен 2 есе көп. Бұл қаржыны Үкімет Ұлттық қордан немесе бюджет тапшылығын көтеру арқылы алатыны заңды. Бюджет тапшылығы бұрынғы деңгейде қалған, яғни ол қаражат Ұлттық қордан алынады деген сөз. Болмаса, бізге салықтық базаны көтеру керек», - деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.
Мәулен Әшімбаев бюджет қаражатын үнемдеуге шақырды.
Ұлттық қордың ақшасын тек стратегиялық мақсаттағы шығындарға жұмсау керек. Жаппы Ұлттық қордың активін ұлғайту бойынша стратегиялық жоспар болуға тиіс. Біз 3-4 трлн теңгеден ақша алсақ, оны қалай көбейтеміз? Сондықтан осы бағытта бірлесе жұмыс істеп, азаматтарға нәтиже көрсетуіміз керек… Бізге қаржылық тәртіп керек, - деді ол.Бүгін Сенатта «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы қаралып жатыр.
Келесі мақала