Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жастардың ісі жүйелі

Жастардың ісі жүйелі
ашық дереккөз
Жастардың ісі жүйелі
Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету – әркімнің міндеті. Бүгінгі жас болашақ – Қазақстанның бет-бейнесі. Жастарды түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу-білімнің тізгінін ұстату – мемлекет пен қоғамның басты міндеті. Бүгінгі таңда аудан тұрғындарының саны – 53 мың 80 адам. Оның ішінде жастар саны 13 924-ке жетіп, жалпы халықтың 26,2 пайызын құраған. – Аудан жастарына жағдай жасау, олардың қоғам үшін маңызды деген іс-әрекеттерін қолдау жөніндегі іс-шараларға жалпы аудан бойынша 18 мыңнан аса өрен тартылды. Одан бөлек ауданда волонтер жастардың қатысуымен 226 іс-шара өткізіліп, ол бойынша 4 мың 68 жас қамтылды. Өткен жылы 854 өрен өз кәсіптерін ашса, 5 жасқа шағын кәсіпкерлікті дамытуға несие берілді. 159 276 000 теңгенің грантын 130 жас алды. Сондай-ақ аудандық кәсіпкерлік палатасында жастарды кәсіпкерлікке баулу мақсатында «Бастау» курсынан 742 азамат өтіп, білімдерін шыңдап, сертификаттарға ие болды. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасымен ауданда 52 маман 100 айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы, 36 маман 1 500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік несие алып үйлі болды. Жастардың білім алуына үлкен мүмкіндік беретін «Серпін» бағдарламасы аясында ауданнан еліміздің солтүстігіне 7 жас оқуға түскен. «Жұмыспен қамту орталығына» барлығы 1 879 жас жұмыссыз ретінде тіркелген болса, оның 566-сы тұрақты жұмысқа орналасқан. Сол секілді қоғамдық жұмысқа 113 жас тартылса, ал 154 адам «Жастар тәжірибесі» бойынша, 40-ы әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған. 29 жас қысқамерзімді оқу курстарына жіберілді. «Жасыл ел» бағдарламасына 100 жас маусымдық жұмысқа қабылданса, биыл 120 жасты жұмыспен қамту жоспарланыпты. Осы жылы жергілікті жердегі 899 NEET санатындағы жастарға әлеуметтік мәртебесін анықтау үшін адрестік жұмыстар жүргізіліпті. Нәтижесінде 162 азаматтың көшіп кеткені анықталған. 158 азамат аудан аумағында тіркеуде тұрғанымен, бірақ өзге қалаларда жұмыс істеп жүрген көрінеді. 149 жас көрсетілген мекенжайда тұрмайды екен. 10 азамат әскерде жүрсе, 42-сі студент. 51-і тұрақты жұмыс істеп жүрсе, 72-сі бала күтімімен үйде отыр. 82 жас өзін-өзі жұмыспен қамтыса, 4 адам «Жастар тәжірибесімен» жұмысқа орналасқан, ал уақытша бос жүрген 164 адам бар болса, оларды да жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жұмысы жүйелі жүргізіліп келеді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар