Әлеумет
Ә.Смайылов өңір әкімдеріне азық-түлік бағасын бақылауда ұстауды тапсырды
- author AR-AY
- 14 наурыз, 2023
- 242
Ә.Смайылов өңір әкімдеріне азық-түлік бағасын бақылауда ұстауды тапсырды
Премьер-Министр Әлихан Смайылов өңір әкімдеріне азық-түлік бағасын бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту, сондай-ақ көлеңкелі экономика деңгейін төмендету жөніндегі шараларды іске асыру маңызды. Тұрақты негізде бизнеспен диалог жүргізіп, олар көтеретін барлық проблемалық мәселелерді шешу қажет. Нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету және халықтың нақты табысын арттыру негізгі басымдық болып табылады. Өңір әкімдері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмысын жалғастыруы керек», - деді ол Үкімет отырысныда.
Оның айтуынша, инфляция деңгейін төмендету үшін барлық тиісті шараларды қабылдау маңызды.
«Бюджет қаражатын уақытылы игеруге келсек, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қаржылық тәртіпті күшейтуі керек. Әлеуметтік-экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін бюджеттік параметрлердің қатаң сақталуын және қаражаттың тиімді бөлінуін қамтамасыз етіңіздер», - деді Әлихан Смайылов.
Келесі мақала